Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қазан, 2020

721

Атырауда Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырыстары өтті

Атырау облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы күздің алғашқы күндері Мақат ауданынан бастау алды.

Кеңестің мақсаты -өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуіне үлес қосу, өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлеп, оның орындалуына қоғамдық бақылау орнату, шиеленістерді болдырмау, әлеуметтік маңызды жобаларды және бағдарламаларды қолдау, түрлі этнос өкілдерінің тұрақтылығы мен татулығын қалыптастыруға ықпал ету.


Мақат аудандық әкімдігінің мәжіліс залында өткен көшпелі отырысты аудан әкімінің орынбасары О.Айкашева ашты. Көшпелі отырыста аудандық, ауылдық Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарған жұмысы, «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру аясында атқарылған жұмыстар тыңдалды.

Сол сияқты отырыс ашық пікірталас ретінде өтті. Тұрғындар Доссор кентіндегі жол, тротуар, апатты жағдайдағы тұрғын үй мәселелерін көтерді. Аудан әкімінің орынбасары келген сауалдарға жауап беріп, тұрғындардан түскен сұрақтарды хаттамаға енгізуді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысына тапсырды.


Көшпелі отырыс Махамбет және Индер аудандарында жалғасын таупқан болатын. Махамбет ауданында өткен жиында «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы аясында және аудандық келісім кеңесінің атқарған жұмыстары туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сисенов, «Бейбарыс» ауылдық округі әкімі М.Сарсенғалиев ақпарат берді. Жиында аудандық маслихат хатшысы М.Мырзашев, Махамбет аудандық Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы С.Джайляшев пікірлерімен алмасты.

Индер ауданындағы көшпелі отырысты аудан әкімінің орынбасары С.Өтеғұлов ашып жүргізді. Индер ауданы бойынша «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Қонасова ақпарат берді. Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Жұқиев Қоғамдық келісім кеңесінің құрамымен таныстырып, олардың жұмысын сипаттады.


Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Ермұханов әлеуметтік мәселелерді болдырмауға және алдын алуға, жергілікті жерлерде қайырымдылық, медиация және қоғамдық бақылауды дамытуға көмек беретінін айтып, Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын жандандыруда бірлесе жұмыс жасайтынын мәлімдеді. Аудандарда өткен көшпелі отырысқа жергілікті атқарушы органдар өкілдері, тұрғындар, этнос өкілдері, аналар кеңесі, БАҚ өкілдері қатысты. Жиын соңында Нұржан Ермұханов аудандық келісім кеңесінің жұмыстарына сәттілік тілеп, аудан әкімдерінің орынбасарларына Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған естелік сыйлығын табыстады.

Кейін қарай