Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Желтоқсан, 2021

338

Атырауда Қоғамдық келісім кеңесінің облыстық қорытынды конференциясы өтті

Тұңғыш Президент күніне орай Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қоғамдық келісім кеңесінің облыстық қорытынды конференциясы өтті.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «біздің ортақ міндетіміз – «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру. Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл міндетті табысты орындап келеді. Конференцияда Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұханов биылғы жылы атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Н.Ермұхановтың айтуынша, қалада да, облыстың барлық жеті ауданында да жыл бойы кеңес мүшелері халықпен, «Атырау-жарық», «жылу желілері» және басқа да ірі компаниялардың қызметкерлерімен кездесті. Атырау облыстық қорытынды конференцияда аудандық қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары сөз сөйледі, сонымен қатар халықаралық медиатор, Атырау облысы ҚХА атынан медиаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Гүлбаршын Марданова да өз ойымен бөлісті. Конференцияда қалалық мәслихат депутаты, «адалдық алаңы» көшбасшысы Альфия Адиева сөз алып, қаладағы мониторинг нәтижелерімен бөлісті.


Конференцияны облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Азмұханов қорытындылады. Ол өңір тұрғындарының мәселелері мемлекеттік органдарға жеткізілетініне және олар бойынша шешім қабылданатынына сендірді.


Кейін қарай