Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Ақпан, 2021

395

Атырауда «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері сөйлеу өнері тренингіне қатысты

Атырау қаласының Достық үйінде "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлерінің қатысуымен "Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері" тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар барысында Work and life орталығының директоры Азаматов Нұрлан қатысушыларға "Көпшілік алдында сөз сөйлеу техникасы", "Сөз сөйлеу еркіндігі (импровизация)", "Дене тілі маңыздылығы. Қолдың қимылы", "Аудиториямен жұмыс", "Жұппен жұмыс", "Зиянды тыңдаушылар", "Дауыспен және сөз сөйлеу стилі" тақырыптарында дәріс жүргізіп, практикалық жұмыстар орындатты.

Ортада еркін форматта өзара пікір алмасқан тыңдаушылар ойларымен бөлісті, аудиториямен жұмыс жасау дағдысын, сөйлеу техникасын меңгерді.

Семинар соңында әр тыңдаушыға Work and life орталығының атынан сертификат табысталды.

Кейін қарай