Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Қазан, 2020

1059

Атырауда түрлі этнос балалары ұлттық ойындар байқауына белсене қатысты

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында түрлі этностың мектеп жасына дейінгі балалары, мектеп оқушылары мен жастарына арналған тәрбиелік мәні зор байқау өткізді.


Шараның мақсаты - мемлекеттік тілді үйрету арқылы олардың бойына ұлттық құндылықтарды (мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып) сіңіру, қазақстандық бірегейліктің азаматтық қағидаттарын қалыптастыру.


Осыған орай, Атырау облысындағы жоғарғы оқу орындарында, колледждерде, бөбекжай, жалпы білім беретін мектептерде қызықты байқаулар ұйымдастырылды.


Сонымен қатар, «Тіл мектебі» мұғалімдер арасындағы қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалар байқауы мен «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы балабақшаларда, мектептерде және жазғы демалыс лагерьлерінде өткізілді.


Кейін қарай