Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Желтоқсан, 2019

1216

Атырауда татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің есеп беру концерті өтті

Атырау қаласының Халық шығармашылық орталығында «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің есеп беру концерті өтті.

Мерекелік шараға арнайы шақырылған татар-башқұрт «Татулық» бірлестігінің басқарма мүшелері, «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері, қала тұрғындары мен жастары, Атырау қаласының шығармашылық орталықтарының өнерпаздары дарынды балалардың өнерлерін тамашалады.


Әсіресе, «Атырау балет», «Шексіз таланттар» шығармашылық мектебі ұжымының өнерлері мен «Татулық» пен «Сюрприз» ансамблдерінің орындауындағы әндер үлкендермен бірге балаларға да ұмытылмас қуаныш сыйлады.

Шара соңында барлық бүлдіршіндер мен «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар үлестірілді.

Кейін қарай