Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Қараша, 2021

311

Атырауда өткен дөңгелек үстелде әлеуметтік желідегі қауіп-қатерлер сөз болды

Атырауда этномәдени бірлестіктерінің өкілдері дін істері басқармасының басшысымен, білім саласының ардагерлерімен дөңгелек үстел басында кездесті.

Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев әлеуметтік желілерде этносаралық және дінаралық, конфессияаралық алауыздыққа қатысты болса «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің бірнеше бабында көзделген құқықтық жауапкершілік туралы заңға жүгінетіндігін және бүгінгі таңда сын болып отырған, әлеуметтік желідегі қатерлерден қалай құтылуға болатынын айтып берді.

Кездесуде Достық үйіндегі жас атыраулықтардың әлеуметтік желілердегі әрекеттерін бақылау, ұлтаралық келісімді насихаттау, ішкі және сыртқы бейбітшілікті сақтау ұсынылды.


Білім беру саласының ардагері Серік Сапанов этномәдени бірлестіктермен қарым-қатынас жасай отырып, қазақ халқының тарихындағы исламның рөлі, әдет-ғұрыптардың сақталуы туралы жан-жақты баяндады.

- Біздің өңірде және жалпы елімізде көптеген этностар тұрып, бір шаңырақтың астында бола отырып, бір - бірінің дінін, тілін, мәдениетін құрметтейтініне сенімдімін. Ал келісім синонимі - бірлік. Бұл байлықты сақтау және көбейту үшін ақсақалдардың тәжірибесін пайдалану керек, - деп атап өтті ардагер ұстаз Серік Сапанов.


Кейін қарай