Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қазан, 2021

198

Атырауда өткен дискутейментте полиэтностық бәсекелестің артықшылығы талқыланды

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының полиэтносттық бәсекелестіктің артықшылығы» тақырыбында жастар дискутейментін ұйымдастырды.

Университеттер мен колледждердің 60-тан астам студенті осы мәселені талқылауға белсене қатысты. «Қазақстандық қоғамның полиэтностығы кемшілік емес, ол біздің артықшылығымыз» -деп атап көрсетті қатысушы жастар.

Жастар әлемдік аренада жетістікке жеткен моноэтникалық мемлекеттердің артықшылықтарын атап өтті.Дискутеймент нәтижесінде жастар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан тұрақты жұмыс істейтін жас саясаткерлердің пікірталас клубын ұйымдастыру туралы ұсыныс білдірді.

Кездесу модераторы - Атырау неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Олег Шмаль жастармен тәжірибе алмасты.

Кейін қарай