Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қазан, 2020

510

Атырауда өзге этнос жастарын ораторлыққа үйретті

Қоғамдық келісім КММ-нің ұйымдастыруымен Атырау қаласының Достық үйінде өзге этнос жастарына арналған «Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері» атты семинар-тренинг өтті.


Семинар-тренингтің мақсаты қатысушыларды шешендік өнердің негізгі элементтерімен таныстыру, мәтінді дайындау және сөйлеудің бастапқы дағдыларын үйрету.

Семинар – тренинг барысында «Workandlife» тренинг орталығының директоры Азаматов Нұрлан ораторлық шеберлік турасында сөз қозғап, көпшілік алдында сөйлеудің қыр-сырларымен бөлісті. Шара соңында қатысушыларға логикалық тапсырмалар беріліп, жастар өз ойын еркін жеткізді.


Аталмыш семинар-тренингке «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жастары, өзге этнос жастары және волонтерлер қатысты.


Кейін қарай