Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Желтоқсан, 2021

271

Атырауда жастар халықаралық медиаторлардан дәріс алды

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен, өзін-өзі ілгерілету, өзіндік маркетингтік стратегия және өзін таныту бойынша жастар арасында «PRодвигай себя» TEDx форматындағы семинар өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты өткен шараға Атырау облысының белгілі тұлғалары Журавлев Сергей, Нұрзат Танат, Ильяс Қонысбаев және Нұр-Сұлтан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, халықаралық жаттықтырушы медиатор Шерзод Пулатов қатысты.

Спикерлер жастарға мотивациялық, өзін - өзі ілгерілету тақырыбынды өздерінің дайындап келген семинар-тренингтерін өткізді.


Кейін қарай