Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Мамыр, 2019

3267

АТЫРАУДЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ «ОСЫЗАМАНҒЫ ПУШКИНДІ» ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫСЫ, БЛОГГЕР ӘРІ ПСИХОЛОГ РЕТІНДЕ СИПАТТАДЫ

Атырау облысының «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің қатысуымен Ж. Досмұхамбетов атындағы облыстық лицейде орыс халқының ұлы ақыны Александр Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына орай облыстық көркемсөз шеберлерінің байқауы өтті.

Байқауға Атырау қаласы мен аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Байқаудың бірінші бөлімінде оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан сайысқа түсті.

Жас таланттар Александр Пушкиннің өлеңдері мен прозасын суреттеді. «Барышня-крестьянка» шығармасынан үзінді оқыған №4 орта мектептің 9 сынып оқушысы Наркыз Хибаденова тіпті шағын спектакль ұсынды. Әсіресе, көрермендерге №30 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Арафат Аманқосұлының эмоциялық және әртістік қойылым шеберлігі ерекше ұнады. Ақырында ол осы турдың бас жүлдесін жеңіп алды.

Екінші бөлімде А.Пушкиннің шығармашылығы бойынша жан-жақты зерттеу жүргізген ғылыми жұмыс авторлары өздерінің жетекшілерімен дайындаған ғылыми жобаларын көпшілікке ұсынды.

Қатысушылар қазіргі уақытта Пушкин шығармаларының өзектілігін дәлелдеді. Жас зерттеушілер өз жұмыстарын Пушкиннің махаббат лирикасы, кітап оқудың, соның ішінде діни сипаттағы талантының көп қырлылығына әсер ететін тақырыптарына арнады.

Қазақ-түрік лицейінен келген Мирас Рзиев Пушкинді біздің замандасымыз, интернеттің белсенді пайдаланушысы және танымал блоггер ретінде таныстырды. Құлсары қаласының №1 мектебінің оқушысы Данияр Тасекенов Пушкин тамаша психолог екенін жеткізуге тырысты. Даниярдың шын жүректен шыққан сөздері залдағы барлық қатысушылардың жоғары бағасына ие болды және Көрермен көзайымы ретінде Пушкиннің мүсіні табысталды. Бұл турда Индер ауданының Будин ауылынан келген Әсет Мүслимов жеңіске жетті. Александр Сергеевич шығармаларындағы үй және отбасылық қарым-қатынас тақырыбына арнаған оның зерттеуі ең өзекті деп танылды және қазылар алқасының шешімі бойынша жоғары ұпайға ие болды.

Кейін қарай