Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Мамыр, 2019

3274

Атыраудың студенттері Г. Алиев атындағы халықаралық шәкіртақыға ие болды

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Әзірбайжан Республикасының Бас консулдығының басшысымен кездесу өтті.

Соңғы жылдары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Әзірбайжан Республикасының Бас консулдығы және Атырау облысының Әзірбайжан диаспорасымен табысты қызмет етіп келеді. Бұған дәлел - университетте Әзірбайжан тарихы мен мәдениетін зерттеу орталығының ашылуы. 2012 жылдан бастап жыл сайын университеттің 5 үздік студентіне Гейдар Алиев атындағы шәкіртақы табысталады.

Консул Зейналов Эльхан Латифоглы мырза өз сөзінде аталған ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, студенттерге шәкіртақрды табыс етті.

Сондай-ақ, кездесу барысында «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Эльдар Ахмедов биылғы жылы Әзірбайжан халқының  ұлы ақыны Имадеддин Насимиди туралы естеліктерге тоқталып өтті.

Университеттің ғалымдары Ұлы ақын-гуманист И. Насими туралы ой қозғап, филология ғылымдарының кандидаты Марта Куркутова ақындық мұрасымен таныстырса, философия ғылымдарының кандидаты Азамат Кенжебаев ақынның философиялық толғаныстарына тоқталды.

Аталмыш жоғарғы оқу орнының студенттері ақынның «В меня вместятся оба мира» шығармасын әзербайжан және орыс тілдерінде мәнерлеп оқып берді.  

Кейін қарай