Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Желтоқсан, 2020

655

Атыраулық жауынгер С.Мұқановтың сүйегі 80 жылдан соң туған өлкесіне әкелінді

Атырауда Смоленск түбінен табылған атыраулық жауынгер Сапарғали Мұқаловтың сүйегі туған топырағына әкелінді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгердің сүйегін табуға Ресей, Украинаның іздеу тобы атсалысты.

Сондай-ақ, «Майдан жолы» Павлодар іздеу тобының командирі Александр Шитов, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Александр Кораблев және Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі Қуаныш Юсупов та өз үлестерін қосып, жауынгердің туысы Марат Үмбеталиевті іздеп тапты.

Атырау қаласының Жеңіс саябағында жауынгер Сапарғали Мұқаловтың сүйегін қайта жерлеуге арналған салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов:

- Арада 80 жыл өткенде марқұм жауынгердің сүйегі туған жеріне табысталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгер жерлестеріміздің сүйегін іздеп табуға атсалысқан ресейлік, отандық іздеу топтарына зор алғыс білдіремін. Ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Сондықтан осындай жауынгер батырларымыздың рухына тағзым ету біз үшін үлкен парыз, - деді.

Ұлы Отан соғысы кезінде Сапарғали Мұқалов Смоленск түбіндегі 13 танк дивизиясында қызмет етті.

Кейін қарай