03 Қазан, 2016
2398
Ауған соғысы ардагерлерінің кеңсесі ашылды
Биыл кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 27 жыл болды. Бұл дата – ТМД елдері сияқты біздің Республикада да аталып өтуде. Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын, «100 қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында облыс әкімшілігінің қолдауымен Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігіне арнап кеңсе ашылды.
Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Қартбек Дүйсенбаевтың айтуы бойынша, Маңғыстау облысында 700-ге жуық ардагер тұрады. Енді олар, бір шаңырақтың астында бас қосып, іс-шараллар, өз жиындарын өткізуге мүмкіндігі бар. Кеңсенің Достық үйінде ашылуы кездейсоқ емес. Себебі қоғамдық бірлестіктің мақсаты – бірлік пен достық.
-Бұл мекемеде әр түрлі этнос өкілдері қызмет атқарады. Біз олармен бірлесіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, келісіп, жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз. Елдікке, бірлікке үндейтін іс-шараларға белсене ат салысамыз. Жастарға қолдау көрсетіп, мектептерде патриоттық тәрбие беруге арналған іс-шаралар өткізуіміз керек. Бұл – ардагерлер үшін қаланың қоғамдық өміріне араласуға үлкен мүмкіндік. Сол себепті, біз өте қуаныштымыз, - дейді Жаңаөзен қаласының «Ауған соғыс ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәтпай Құлсариев.
Ардагерлер Достық үйінің мәжіліс-залында өздерінің алғашқы жиналыстарын өткізді. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының музейінде экскурсия жасады.
-Бүгін - біз үшін қуанышты күн. Облыс әкімшілігінің қолдауымен, біз бейбітшілікті насихаттау, сонымен бірге елімізді әрдайым қорғауға дайын қаһарман ұрпақ тәрбиелеу бойынша жұмысымызға білек сыбана кірісе аламыз. Барлық Ауған соғысы ардагелерінің атынан алғысымды айтамын, - деді ауған соғысының ардагері және «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартбек Дүйсенбаев.
Маңғыстау облыстық «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚХА СТУДЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
-
Алматыда «Үйде Сөйле» қазақ тілінің тағы бір сөйлесу клубы ашылды
-
ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ
-
9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
-
Петропавлда «Үйде сөйле» аула клубы ашылды