Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Сәуір, 2020

814

Айгүл Сәдуақасова: Заманның жаңа міндеттері

Заман мың құбылып тұр. Күні кешегі ұзақ мерзімді бастамалар аз уақытта шырқау шегіне жетіп, кенет туындаған ахуалдар кейбір қалыптасқан ұстанымдарды жаңартуды, толықтыруды талап етуде. Соның әсерінен жалпы адамзат өркениет, жеке елдер мен халықтардың болмысын айқындайтын факторлардың барлық спектрі бойынша жаһандық және жергілікті өзгерістердің трендтері күн тәртібіне шықты.

Жалпы әлемге ортақ оқиғалар – коронавирус пандемиясы, мұнай нары­ғындағы бағалар шайқасы, әлем­дік рецессия Қазақстанда да өмір­дің әр саласында өзгерістер тізбе­гі­нің басталуына себепші болды. Коро­навирустың таралу қаупіне байланыс­ты жарияланған карантин елдің бас­қа­ру, әлеуметтік, экономикалық, тех­­­но­логиялық, адами ресурстарын жұ­­мыл­­дыру тетігіне айналды.

Мемлекет саясатының әлеуметтік векторы дәстүрлі либералдық үлгі шеңберінен шығып, әлеуметтік мем­лек­еттің конституциялық принципі шы­найы өмірде алдыңғы қатарға шық­ты. Сонымен қатар бүгінгі күннің сұра­ныстарына жауап бере алатын жаңа тәсілдер мен әдістердің қажет екен­дігі айқын көрінуде. Бұған біз Қор­дай оқиғасы кезінде көз жеткіздік. Өткен оқиға қазақстандық социумның тағы бір проблемалық жағын көрсетіп қана қойған жоқ, ол мемлекеттің мұн­дай іске тез назар аударып, шешім қа­был­дай алатындығының көрсеткіші бол­ды.


Осы ретте мына жайды баса айтуы­мыз керек: көп этносты қоғам ретін­де Қа­зақстан үшін бірлік мәселесі қа­шан­­­да басты мәселе болған және солай болып қала береді. Ал әлемде де осы­ған ұқсас қақтығыстардың болып тұ­р­уы бұл бағытта тиісті қадамдар жа­­сал­уы керек екендігін айғақтайды.

Бірлік мемлекеттік құрылыс, қо­ғам­­д­ық дискурс, азаматтардың өз мәр­­тебесі мен қоғамдық үдеріс­тер­­дегі орнын жеке қабылдауы дең­­ге­йін­де құрылады. Біріктіруші құн­ды­лық­тар­дағы ортақ түсіністікке қол жет­кізу қоғамдағы бірлік пен келі­сім­нің, жа­ңар­тылған қоғамдық шарт не­гі­зінде қа­лып­тасқан тығырықтан шы­ғу­дың жолы болып табылады.

Қоғамда қазақстандық бірегейлік үлгісі, оның қандай құндылықтарға негі­з­делуі ­керектігі және қазақстандық біре­гейлік пен бірлікті нығайтуға ба­ғыт­­­талған мемлекеттік саясат қа­лай жүзе­ге асырылып жатқандығы қызу талқылануда. Қазіргі кезде бұл үде­ріс­тердің қоғамдық сананы жаң­ғыр­тумен байланысты екендігі және оның ажырамас бөлігі болып табылаты­нын ескеру қажет. Бірегейлікті, ұлт бірлігін және қоғамдық сананы жаң­ғыр­туды түсінуде сан түрлі пікір­лер бар. Олардың негізінде «аза­маттық ұлт» түсінігінің өзіне этнос­т­ық, мәде­ни, тілдік бірегейлікті қан­ша­лық­ты сый­ғыза алатынын түсіну бар.

Біздің ойы­мыз­ша, ең алдымен, азаматтық ұлт дегеніміздің өзі сая­си және мәде­ни деп аталатын екі ком­по­нент­тен тұратынын түсіну қажет. Мем­ле­кет­тік саясатта осы компо­нент­ке қа­­тысты идеологиялық құры­­лым­дар­ды қалыптастыруда тепе-теңдік сақталуының маңызы зор. Саяси және мәдени тұрғыдан алғандағы этностық компонент ұлт пен мемлекеттің өзін­дік ерекшелігі мен бірегейлігін сақ­тайтын ядро болып табылады. Қазір­гі қоғамда ол технологиялық, зият­керлік компоненттерге сауалнама жүргізу есебінен қарапайым, тіпті прагматикалық заттардан көрі­не­ді. Оның ішінде еңбек этикасы, құқықтық мораль және бас­қа­ру мәде­ние­ті де бар.

Тағы бір маңызды мәселе – біре­гей­лен­діру үдерісі – бұл ұрпақтар байланысы. Ұрпақтардың тарихи байланысы қазіргі және болашақ қалыптасатын жадтың іргетасы, бастапқы конструк­ция­сы болып табылады. Ол қазақ­стан­дықтардың барлық буындарына тән қасиеттердің, әдеттердің, құнды­лықтардың және менталдық ұста­нымдардың жиынтығынан тұра­ды. Өзінің тарихи аумағындағы қазақ­тар­дың автохтондылығын ескере отырып, қазақ халқының тарихи жады мен санасы, ал белгілі бір тарихи кезеңнен бастап, елімізді мекендейтін барлық этнос­тардың тарихи жады мен санасы – ұлттық сана-сезімнің негізі ретінде мұра­ны байланыстырушы негіз болып табы­лады.

Бұл жерде отбасы мен білім беру институты арқылы тәрбие және білім беру жүйесі маңызды рөл атқарады. Білім беру институтына білім жина­ғын беру жүйесі ретінде емес, ұлтты мәдени толықтыру институты ре­тін­де қарау қажет. Қазіргі жағдай ерек­ше­лігіне сәйкес қашықтан оқыту мүм­кін­дік­теріне бағдарлану білім және тәрбие берудің стратегиясы мен философиясын ұлт қалыптастырушы инс­титут ретінде әзірлеу талап етіледі.

Тап осы білім және тәрбие беру институты қоғамдық қарым-қаты­настардың этностандырудан интер­мәд­ениеттілікке эволюциялық жолмен көшуін жаңғыртуды жүзеге асыра алады. Бұл қазақ халқының түрлі мәдениет­тердің өкілдеріне деген ашық­тығы мен қызығушылығын білдіретін менталдық ерекшелігінің арқа­сында жүзеге асады.

Жаңа тарихымызда біз әлемнің түрлі елдерінде ашықтығымыз бен бейімделушілігімізді көрсетіп жүрміз, бұл полимәдени кеңістіктегі қарым-қатынастардың тарихи жадымызда сақталуының арқасы. Қазіргі заманғы адам үшін бұл – өзінің күнделікті қабылдау моделін, ойлау ерекшелігін, сезімдері мен мінез-құлқын нақты бағалауға мүмкіндік беретін мәдени және әлеуметтік капитал. Дәл осы қа­сиеттер бүгінде қазақтардың көп этносты және көп конфессия­лы қо­ғам­­да біріктіру миссиясын атқа­руы­на мүмкіндік береді. Міне, сон­­дықтан да қазір Қазақстанның барлық этностарының интеграциясы мем­лекеттік саясат бағытталуы тиіс қоғам­дық трендтердің бірі болуы керек.

Интеграция дегеніміз – бұл тиісті бір ортаға, қоғамға көптеген қатысушыларды тартудың серпінді процесі. Бұл алуан түрлі қоғамның бар­лық мүшелерінің экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өмірге тиімді қа­тысуын қамтамасыз ететін болады. Интег­рация маңызды міндетті шешеді – ол адамның жалпымемлекеттік және жергілікті деңгейлерде өзінің қатысы бар, тиістілік сезімін дамытуға ықпал етеді. Және мұны қоғамның барлық мүшелері қолдайды әрі ол өзінің сипаты бойынша инклюзивті болып табылады.

Бүгінде этносаралық қаты­нас­тар­дың барлық жүйесін жаң­ғыр­туға, осы мәселедегі мемлекеттік саясатта жаңа жүйелі көзқарасты қалыптастыруға үлкен қоғамдық сұраныс қалыптасты. Сондықтан ел басшылығы алдымызға мемлекеттік этносаясаттың жаңа тиім­ді тетіктерін әзірлеу, қолда барды жаң­ғырту және оған азаматтардың қаты­су­ын жандандыру бойынша жедел мін­дет­тер қойып отыр.

Мұндай жұмыс, мемлекет пен қоғамның зияткерлік және басқару ре­сурс­тарын тарта отырып, қазір қар­қын­­мен жүргізілуде.

Бұл мәселеде бір-бірімен тығыз байланысты екі құрамдас бөлік бар.

Біріншіден, этносаралық қаты­нас­тар, қоғамдық келісім мен жал­пыұл­ттық бірлікті қамтамасыз ету сала­сындағы мемлекеттік басқаруды күшті, әрекетке қабілетті уәкілетті орган жүзеге асыруға тиіс.

Осы функциялардың көпшілігін қамта­масыз еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының күшті жағы елдің барлық этностарының азаматтық интеграция процестеріне дайын болуын қалыптастыру болып табылады. Аталған мәселеде Қазақстанның этностық ортасында одан басқа балама жобалар жоқ екендігі – Ассамблея қызметінің табысты екендігінің дәлелі.

Білім, мәдениет, сыртқы вектор, қазақстандық қоғам интеграциясының мәдени, экономикалық және әлеуметтік негіздері салалық мемлекеттік ор­ган­­дардың этносаралық өзара іс-қи­мылға міндетті түрде қатысуын талап етеді. Мысалы, мемлекеттік тілді меңгеру мәселесінде негізгі рөлді білім саласы атқаруға тиіс, онда әрбір орта мектеп түлегі қай этносқа жа­та­тын­ды­ғына қарамастан, мем­лекеттік тіл­де функционалдық сауат­ты­лық деңге­йін­де сөйлей алуы, оқуы және жаза білуі тиіс.

Тап осы уәкілетті орган – мейлі ол Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі комитет немесе арнайы агенттік болсын – барлық мемлекеттік органдардың этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстарының алуан түрлі спектрін жүйелі және дәйекті түрде біріздендіріп, бағыттап отыруға тиіс.

Екіншіден, қолданбалы этносая­сат мәселелері бойынша мықты талда­ма­лық инфрақұрылым – «ақыл-ой орта­лы­ғы» қажет.

Этносаралық қатынастар – бұл эко­но­ми­калық, мәдени, әлеуметтік, саяси және т.б. ықпал ету факторларының зор ауқымы жинақталу және белгілі бір жаңа сапалық өзгеріске түсу нүк­те­сі.

Осы жағдайлар ескеріле отырып, мемлекеттік этносаясат терең пысық­тал­ған, ғылыми негізделген және тек­се­рілген сипатқа ие болуы тиіс.

Ахуалды ғылыми талдау және да­му­­­дың болжамды сценарийлері жүр­­­­­гізіліп отырған саясатта пайда­ла­­­ну­­ға бағытталуы тиіс. Көп этносты қо­­ғам­да жанжалдардың пайда болу қау­пі қашанда болады. Өкінішке қарай, біз осындай құбылыспен бет­пе-бет келдік. Мемлекеттік саясат олар­­дың алдын алуға жұмыс істеуі үшін тал­да­малық жұмыс тұрақты мони­то­ринг­­тік қарқынды деректерге, сапалы зерттеулерге құрылып, көлем­ді дерек­­терді талдауға арналған зама­на­уи тал­­дамалық өнімдер пайдаланыл­уы қажет.

Болашақта бізді бұл бағытта ауқым­ды, аса көп жұмыс күтіп тұр.

Бірінші кезекте, елімізде этнос­ара­лық қатынастарды одан әрі дамытудың мемлекеттік пайымы мен тәсілдерін ай­қын­дайтын тұжырымдама дең­гейін­дегі стратегиялық құжат қажет. Алды­м­ы­зға осындай міндет қойылды.

Әрине бұл құжатта жобалық бас­қа­ру, болжаудың сценарийлік әдіс­те­рі сияқты жаңа мүмкіндіктер мен әдістер, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚХА-ның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, этномәдени бір­­лестіктердің жинақталған тәжіри­бе­сі сөзсіз көрініс табуы тиіс.

Мемлекетімізде жарияланған карантин біздің бәрімізге белгілі бір кі­діріс жасауға – алдағы дамудың ең жа­һандық және өзекті мәселелерін ұғы­нуға мүмкіндік береді. Өйткені ка­рантин бір кездері аяқталады. Сөйтіп, біз­дің ортақ дамуымыздың та­бы­с кепілі – бірлігімізді ны­ғай­­ту бо­йынша қауырт және маңызды жұ­мыс­тың жаңа кезеңі бас­талады.

Айгүл Сәдуақасова,

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және

конфессияаралық қатынастарды зерттеу

орталығының басшысы

egemen.kz

Кейін қарай