Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Ақпан, 2021

534

Қазақ радиосының «Достық» хабары қайта тыңдармандарға жол тартпақ

Қазақ радиосының 100 жылдығы қарсаңында «Достық» радиожобасы 7 тілде хабар тарата бастады. Бағдарлама әуе толқынынан ұйғыр, түрік, орыс, неміс, өзбек, татар, украин тілдерінде күн сайын сағат 16:40-да шығады.

- Қазақ радиосының тұрақты тыңдармандары «Достық» хабарының бұған дейін де эфирде болғанын жақсы біледі. Кейін бағдарлама «Бәйтерек» атауымен шығып тұрды. Ақпан айынан жоба жаңаша мазмұнда ұсыныла бастады. Тілдерді таңдауда осы этнос өкілдерінің еліміздегі санының көптігіне мән берілді, - деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ Баспасөз қызметі.

Жобаның мақсаты – елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілі мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтауға, бірлік пен ынтымақты нығайтуға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастыруға атсалысу.

Әр шығарылымда этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің, Достық үйлерінің өкілдері мен бір кездері Қазақстанға түрлі саяси себептермен қоныс аударып, елімізде ұзақ жылдан бері өмір сүріп келе жатқан өзге ұлт өкілдерінің тыныс-тіршілігі туралы баяндалады.


Кейін қарай