Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Желтоқсан, 2019

1388

Қазақша кітаптарды түпнұсқада оқығым келді

Русалина Пряхина, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті:

Ұлтым орыс. Көшеде жүргенде әртүрлі қызықты оқиғалар болып жатады. Бәрі менімен орысша сөйлеседі, ал мен оларға қазақша жауап беремін. Олар әрине, таңқалып жатады. Мектепте орыс тілінде оқыдым, қазақ тілін тек пән ретінде ғана оқығаныммен, Абайдың өмір жолын оқығаннан кейін қазақ тіліне деген қызығушылығым оянды. Сол уақыттан бастап мұғалімдерімнен көбірек тілдік білім алуға ұмтылдым. Қазақ тілі өте бай тіл. Кей сөздерді орысшаға аудара алмаймыз. Сондықтан қазақ кітаптарды түпнұсқада оқу керек деп ойлаймын. Анам үнемі «Қазақстанда тұрасың, сыртта қазақ тілінде сөйлесуің керек» деп айтып отыратын. Бүгінде анама алғысым шексіз.

Кейін қарай