05 Қараша, 2022
494
Қазақстан – біздің өміріміз және тағдырымыз
Ағымдағы жылдың 4-қарашасында Тараз қаласының Достық үйінде Ұйғыр этносының Жамбыл облысына қоныс аударғанына 60 жыл толуына арналған «Қазақстан-біздің өміріміз және тағдырымыз» атты республикалық конференция өтті.
Аталған іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігі, ішкі саясат басқармасы және «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Ұйғыр этносының 60 жылдығын атап өтудегі басты мақсаты – бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту, мәдениетаралық диалогтың қазақстандық моделінің жетістіктерін көрсету, ұйғыр халқының мәдени мұрасы арқылы жастардың бойына этностың құндылықтарын насихаттау, мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жандандырып, келешек ұрпаққа мұра ету және олардың бойында патриотизм қасиетін қалыптастыру.
Атаулы күнге арнайы сонау Астана шаһарынан ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов,Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халық Ассамблеясының депутаты Зәкіржан Пірмұхамедұлы Кузиев, сонымен бірге, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаев, ҚХА депутаттары, ішкі саясат басқармасы, Қазақстан ұйғырлары республикалық орталығының басшылары, Ұйғыр драма театрының әртістері, «Рухсара» би ансамблінің әртістері, ұйғыртанушылар, ғалымдар, суретшілер, ассамблея мүшелері, республикалық «Жигит беши», Аналар кеңесінің өкілдері, ұйғыр Жастар одағының басшысы, Жамбыл облысы ЭМБ төрағалары, облыстық ҚХА мүшелері, облыс пен республикадан шақырылған қонақтар және БАҚ өкілдері қатысты.
Этнос күнінің бастауы қонақтардың қолданбалы өнер және тұрмыс, ұйғыр суретшілерінің, ұйғыр жазушыларының кітаптарының көрмелері мен Жамбыл облысы ұйғырлар мұражайын тамашалап, музыкалық аспаптар, М.Қашқари атындағы этномәдени бірлестіктің кеңсесімен таныстыру және Достық үйіне экскурсия жасаумен басталды.
Ұйғыр халқының ұлттық құндылықтары және тарихымен таныс болған қонақтар ары қарай «Қазақстан - біздің өміріміз және тағдырымыз» атты республикалық конференцияға қатысты.
Келелі жиын Жамбыл облысы «Ұйғыр этносының тарихы және этномәдени бірлестіктің 15 жылдық қызметі туралы» деректі фильмімен ашылды. Бұдан соң конференция белсенділері мен қонақтары сөз сөйлеп, ұйғыр этносына құттықтау-тілектерін жеткізді.
Жиын басында ұйғыр этносының төрайымы Мухабат Абдрахманқызы Турдыева өз сөзінде: - «Ата қонысынан орын беріп, бабаларымызды бауырына басқан қазақ халқына алғысым шексіз. Бүгінде «Әулие-Атадай» қасиетті жерде ұйғыр халқының үшінші, төртінші ұрпақтары өмір сүруде. Олардың арасында ортақ Отанымыз - Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне ерекше еңбек сіңіріп жатқандары да бар. Сондай-ақ, сонау алыстан ат арытып, шақыруымызды жерге қалдырмай, мейрам-қуанышымызға сыйлап, құрметтеп арнайы келген Марат Алмасұлына, Зәкіржан Пірмұхамедұлы, Ершат Молдахұнұлы бауырларыма және ұйғыр қарияларына, өнер көрсеткен жастарға аса зор құрметпен алғыс айтамын”, - деп, Қазақ халқына және қонақтарға, қатысушыларға деген жылы лебізін білдірді.
Этнос күніне арнайы келіп, 60 жылдық мерейтойымен құттықтауы барысында ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы да өз кезегінде:- «Біз - бөлінбейтін бір елміз. Себебі, Отанымыз, жеріміз бір. Мен бүгінгі жиынды пайдалана отырып, ұйғыр этносынан еліміздің өсіп-өркендеуі жолында талмай еңбек етіп жүрген Ұйғыр этносының өкілдері - Зәкіржан Кузиев, Ершат Асметов, Ахметжан Шардинов сынды т.б .бірқатар азаматтарға алғысымды айтқым келеді.Сонымен қатар, тарихи Тараз жерінде Ұйғыр этносының 60 жылдығын атап өткізуге қолдау білдіріп жатқан облыс әкімдігі мен ішкі саясат басқармаларына және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Қасымқызына да ерекше рахмет айтамын! Жамбыл жерінде Ұйғыр халқының басын қосып, бір шаңырақ астында ұйыстырып, ұлттық құндылықтарын сақтап жүрген Мухаббат Абдрахманқызының еңбегін ерекше атап өтпекпін», - деп, ыстық ықыласын білдірді.
Ары қарай Марат Әзілханов - Айгүл Кабиева, Ахмет Маметов, Муса Ниязов, Саламат Умурзаковаларды этносаралық салада бірлік пен келісім жолында еткен ерен еңбектері үшін ҚХА грамотасымен, Жалил Аббосов, Мухабат Турдыеваны ҚХА алғыс хаттары және төсбелгілерімен марапаттады. Конференция барысында бұдан өзге де құттықтау тілектер айтылып, бірқатар ұйғыр этносының әр саладағы белсенді өкілдері Зәкіржан Кузиевтің, Ершат Асметовтың қолынан арнайы республикалық Ұйғыр қауымдастығының “Сахават, “Куюмчан”, сонымен қатар, «COVID – 19» қарсы жанқиярлық күресі үшін, «Медициналық көмекті қамтамасыз ету» ісіне қосқан үлесі үшін медальдарымен марапатталды.
Жиынның жалғасы «Біз - Қазақстанның біртұтас халқымыз» атты концерттік бағдарламаға бай достық концертіне ұласты. Ұйғыр этнобірлестігінің, Достық үйінің және қаламыздың оқу орындарының, сондай-ақ, Алматы қаласынан арнайы келген шығармашылық топтары мен өнер қырандары ән мен биден шашу шашты.
Мерекелік кеште Алматылық ұйғыр этномәдени бірлестігі «Долан» би ансамбльінің «Самаурын» биі мен ҚР мәдениет қайраткері, әнші Толунай Айсарованың “Ұйғырым” әні көпшіліктің көңілінен ерекше орын алды. Бастарына су құйылған кесе мен самаурын көтеріп билеген қыздар мен жігіттерден құралған ұйғыр бишілерінің билері, ұйғыр халқының өзіндік сарыны бар ұлттық әндері мен түрл-түсті оюлы костюмдері көрермен көзайымына айналып, жұртшылықтың назарын өзіне үйірді. Бұдан өзге мерекелік кешке Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония әншілері мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Шолпы» би ансамблі және ұйғыр этносының өнерлі өкілдері қатысты.
Ерекше атап өтейік, “Ұйғыр этномәдени орталығының құрылғанына "15 жыл”, “Артына өшпес із қалдырған” және шетелдегі Ұйғыр халқының танымал тұлғаларының құттықтау бейне-роликтері іс-шараға айрықша мән-мағына беріп, шырайын кіргізді.
Жиын соңы конференция қонақтары мен қатысушыларына арналған «Мәшрап мейрамы” салтанатты кешкі асымен тәмамдалды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
26 Наурыз, 13:20
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
27 Наурыз, 17:00
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
22 Наурыз, 13:56
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
вчера, 22:29
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы