Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Желтоқсан, 2020

658

Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарлары сайланды

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақмола облысы әкімі Ермек Мыржықпаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес барысында ҚХАА төрағасының жаңа орынбасарлары сайланды. Олар – Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырəлімова және «Санги Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы У.Ф. Шоназаров.


Кеңесте сөз сөйлеген ҚХАА мүшесі "Қазақ тілі мен мәдениеті" ҚБ төрағасы М. Қиықов, Ақмола ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі А.Қапышев, "Ел жастары" эксперименттік жастар театрының арт-директоры Х. Хасамбай ҚР Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін, өзі құрған азаматтық институт - Қазақстан халқы Ассамблеясының демократияны дамытудағы, Қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайтудағы рөлін атап өтті.


Отырыс соңында Е.Мыржықпаев облыстық Ассамблеяның белсенді мүшелеріне "ҚХА 25 жыл" және "Халық алғысы" мерейтойлық медальдарын табыстады.

Кейін қарай