Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Желтоқсан, 2016

1475

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ашылуы

Елімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге арналған іс-шаралар жалғасуда. Ұлыұ мерекеле аясында Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы Әскери институтында «Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының» салтанатты түрде ашылды.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды қоғамдық және әлеуметтік институтқа, қазақстандық патриотизм мен қазақстандық бірегейлікке тәрбиелеу бойынша үйлестіруші орталыққа айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік мәдениетінің, рухани келісімнің іргетасы да, негізгі қағидасы да. Жаңадан құрылған ҚХА кафедрасының жұмысы «Мәңгілік ел» құндылықтарын насихаттау бойынша тиімді құрал болатыны сөзсіз.  

ҚХА кафедрасының негізгі мақсаты қоғамды одан әрі шоғырландыру, этноконфессиялық қатынастарды үйлестіру және этносаралық келісімді нығайту болып табылады.

Бүгінгі таңда әскери институт Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерін жетілдіру мен дамытудың өзекті мәселелерін шешуге бағыттай отыра, ЖОО-да ғылыми-зерттеу жұмысты ұйымдастыру және біріктіру бойынша жүйелі   қызмет жүргізеді. 

Кафедраның салтанатты ашылуына Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, облыстық басқармалардың басшылары, сонымен бірге құрметті қонақ – Қазақстан  Республикасы Парламентінің 4-5 шақырылымдарының депутаты, Қазақстандағы ҚХА кафедралары қауымдастығының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы  Анатолий Башмаков қатысты.

Кездесу Әскери институттың конференц-залында өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы Әскери институтының бастығы, полковник, әскери ғылымдар докторы Ахметов Жұмабек Хатиоллаұлы жиналған қауым алдында былай деді:

- Ассамблеяның қызметі мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, республикада қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және этносаралық қатынастар саласындағы қоғамның мемлекеттік және азаматтық институттарының өзара әрекет ету тиімділігін арттыруға бағытталған.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген ҚР Ұлттық гвардиясы жоғары әскери-оқу орнының өміріндегі маңызды күнмен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және туған-туыстарыңызға зор денсаулық пен жақсылық тілеймін!

Бұл іс-шараның екінші бөлігі әскери институттың акт залында өтті. Салтанатты концертті кіші сержант Ардақ Айтжанов жетекшілік ететін домбырашылар ансамблі ашты, олар танымал қазақ күйлерін орындады. 

Анатолий Башмаков әскери училищенің курсанттарына үндеу айтты:

- Сіздер еліміздің барлық өңірінен келдіңіздер, Тәжікстан, Қызғызстан азаматтары да бар, бұл өте қуанышты. Байтақ еліміз Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы және осы оқу орны әрқайсысыңыз үшін оттан да ыстық рухани отанға айналсын. Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы еліміздегі әскери училищеде алғаш рет ашылып отыр, Сіздер – жас ұрпақ, жылдар өте бұл маңызды оқиғаның өздеріңнің әскери қызмет барысында болғанына мақтанатын боласыңдар!

Анатолий Афанасьевич Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ералы Тоқжановтың құттықтау хатты және Ассамлея туралы кітаптарды Әскери институттың бастығы Жұмабек Хатиоллаұлына табыстады. 

Н.Ә. Назарбаев атынан Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен  Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының төрағалары - «Ассоциация русских, славянских и казачьих организаций» ҚБ төарағасы Виктор Сайконы және «Кентрон» армян этномәдени орталығының төрағасы - Геворг Геворкянды марапаттау аталған іс-шараның бір бөлігі болды.

Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Фанис Литфуллин, «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» РҚБ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Рашид Надиров және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная сөз сөйлеп, Әскери институт бастығы Жұмабек Ахметовке және Әскери институттағы Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі   Ғазиза Қожағұловаға ҚХА кафедрасының алдағы еңбек жолында мол табыс тіледі.

Іс-шара соңында түрлі ұлттық билерді, патриоттық өлеңдер мен әндерді орындаған талантты курсанттар өздерін шығармашылық жағынан танытты. “Шаңырағың биік, керегең кең және босағаң берік болсын!” деп тіледі жүргізушілер.

Кейін қарай