Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Желтоқсан, 2021

379

Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық медиация кеңесінің отырысы өтті.

​Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, ҚХА республикалық медиация кеңесі мен этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлік жастар ұйымдарының, ҚХА медиация кабинеттерінің басшылары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысты.

ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы 2016 жылдан бастап медиация институтын даулар мен жанжалдарды шешетін, азаматтарға кеңес беретін қоғамдық-құқықтық құрал ретінде дамыту және дәріптеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізіп келе жатқанын атап өтті.


Медиация институтының қызметі азаматтардың даулы және жанжалды жағдайларды шешу барысында ымыраға келуге дайындығын көрсететін қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды маркерлерінің бірі болып табылатыны белгілі.

Отырыс барысында спикерлер жастар және ақпарат салаларындағы этномедиацияның ерекшеліктері, этносаралық қақтығыстарды жіктеу, этноконфликтологиялық Менеджмент және БАҚ-тағы медиативтік дағдылар туралы айтты.

Сондай-ақ, қатысушылар Ассамблеяның медиация институтын одан әрі дамыту және келіссөз жүргізуші этномедиаторларды даярлау перспективаларын талқылады. ҚХА Төрағасы – ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері және «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында одан әрі дамуы қаралды.

Бұдан бөлек, қойылған міндеттерді жоспарлы және дәйекті іске асыруға мүмкіндік беретін пікірталастар өткізіліп, олардың қорытындылары талқыланды.

АНЫҚТАМАЛЫҚ:

Өңірлерде 17 медиация кабинеті ашылды және 341-ден астам медиация алаңы жұмыс істейді (соттарда, «Нұр Отан» партиясының филиалдарында татуласу кабинеттері). - ҚХА тізілімінде 2097 медиатор тіркелген

Кәсіби емес медиаторларды оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері этномәдени бірлестіктер өкілдері қатарынан 5 мыңнан астам медиатор мен өтініш білдірушілер түрлі курстар мен семинарларда тегін оқытылды.

Даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтарға кеңес беру бойынша медиаторлар үлкен жұмыс жүргізуде. Мәселен, 2016 жылдан бастап 130 000-ға жуық өтінім келіп түсті, олардың 39%-ы кеңес берілсе, 61%-ы медиативтік келісімдер жасалды. Бұл жұмыспен 310 мыңнан астам адам қамтылды.


Кейін қарай