02 Шілде, 2022
389
Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының көшпелі отырысы өтті
2022 жылғы 1 шілдеде Көкшетау қаласының достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті.
Жиынға ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Н. Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғ.М. Құсманғали, «AbaiTV» телеарнасының директоры, Қазахстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрағасы А. Кеңесұлы, «Qazcontent» басқарма төрағасының орынбасары Д. Уалиханов, «Астана» радиосының директоры С. Танашева, фрилансер, блогер, креатор У. Абишев, «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметінің қызметкерлері, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубының мүшелері қатысты.
ҚХА Журналистер клубының мақсаты – консультативтік-сарапшылық платформада тұрақты түрде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту және бұл бағытта қалам тартатын БАҚ өкілдері, блогерлер мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру болып табылады.
Шараға қатысқан журналистер ҚХА қызметін жариялау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, этносаралық қатынастардағы ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу мақсатында бас қосты.
Өзінің алғы сөзінде Ғ. Шойкин ҚХА журналистер клубының этносаралық, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті сақтаудағы БАҚ-тың күш-жігерін біріктіруге көмектесетін алаң ретіндегі рөліне тоқталды. Ғ. Шойкин отырысқа қатысушыларды этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары, жеткен жетістіктер мен проблемалық мәселелер, этносаралық қатынастарды ақпараттық жариялаудың ерекшеліктері туралы хабардар етті. Сондай-ақ, спикер журналистердің сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік органдардың этносаралық коммуникацияны дамыту жөніндегі қызметінің өзекті аспектілері мен тетіктері, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа бағыттары туралы пікірімен бөлісті.
Пікірталас және пікір алмасу форматында өткен отырыс барысында БАҚ пен әлеуметтік желілерде этносаралық қатынастар мәселелерін дұрыс ұсыну және жариялау, бірлік пен келісімді танымал ету мақсатындағы ақпараттық жобалар туралы, әлеуметтік желілерде ақпараттық контентті ілгерілетудің тиімді құралдары туралы мәселелер талқыланды.
Отырыс соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
Ерлан Қарин: Қазақстан халқының Ассамблеясы тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ
-
«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ»: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ӨҢІРЛЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ
10 Сәуір, 16:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы
10 Сәуір, 16:57
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
13 Сәуір, 13:05
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
14 Сәуір, 17:46
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
15 Сәуір, 23:06
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ