19 Маусым, 2018
1096
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсаукесері
19 маусымда Бурабай курорттық кентіндегі Абылайхан алаңында қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша өткізілетін республикалық лекторий шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында бастамашылық жасалған ҚХА-ның «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының салтанатты рәсімі өтті.
«Қазақтану» жобасы Қазақстан этностарының арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге бағытталған.
Жобаның басты мақсаты — қай этносқа жататынына қарамастан, барша қазақстандықтардың ортақ мәдени кодының, біртұтас құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи санасының негізінде халықтың бірлігін нығайту.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л. Прокопенко, Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Мүсірәлімова, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к. Б. Әбдіғалиев, Мемлекет тарихы институтының директоры, еліміздегі жетекші институттардың ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік органдар, республикалық жастар бірлестіктері, жоғары оқу орындары, Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңестері, және ҚХА кафедраларының өкілдері қатысты.
Салтанаттың алғы сөзін бастаған Леонид Прокопенко: «Біздің бүгін «Қазақтану» жобасын Абылайхан алаңында таныстырып, тұсауын кесуіміз тегін емес, Абылайхан кезінде үш жүздің басын қосқан тұңғыш хан болған. Сол сияқты біздің де жобамыз бірлікте жүзеге ассын деген ниеттеміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында туындап отырған жоба Қазақстанның әр азаматына қазақ халқының дархандығын, кең пейілділігін, жаңашылдыққа тез бейімделгіштігін, сенім мен достыққа адалдығын танытары сөзсіз», — деді.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Мүсірәлімова келушілерді құттықтап, жобаның тұсау кесу рәсімі шынайы болуы үшін кішкентай Мұхамедтің тұсауын Л. Прокопенкоға кестіртті.
Жалпы жобаға қазақстандық жастарды жұмылдыру көзделген болатын. Рәсім барысында «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Т. Жұмырбаев Ассамблея туын асқақтата көтеріп, «Қазақтану» жобасының жастарға бірінші кезекте қазақ халқының бай мәдениетіне, тарихы мен салт-дәстүріне, ғасырлар бойы көшпенді болған қазақ пәлсапасына зер салу керек екендігін, жаһандану кезеңінде жаңа жобаларды қолдап, жаңалықтарға батыл қадам жасау керектігін айтты.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 19.06.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды