Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Сәуір, 2023

265

«Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі Әділетті Қазақстанның дамуындағы рөлі» тақырыбындағы кездесу

2023 жылдың 19 сәуіріне Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері – «Ирныхас» осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы Казбек Мамсуров, «Ұйғырлар республикалық бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Акимжан Арупов, Алматы құрылыс және халық қолөнер колледжінің студенттері және оқытушыларымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі Әділетті Қазақстанның дамуындағы рөлі» тақырыбына кездесу өткізді.

Аталмыш іс-шараның модераторы Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Болысбек Батталханов болды.

Алматы құрылыс және халық қолөнер колледжінің студенттері мен оқытушыларына ҚХА қызметі, көпэтносты, мәдени және көпконфессиялы қоғам құруға қосқан елеулі үлесі туралы, сонымен қатар барлық этнос өкілдерінің рухани дамуы, этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігі, гуманизм, этностық тегіне қарамастан әрбір азаматтың құқықтарын үйлесімді ұштастыру қағидаттарын жүзеге асыру туралы айтылды.

Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бүгінгі іс-шарада еліміздің табысты дамуының басты шарты ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық татулық пен этносаралық келісімді нығайтып, сақтау екені сөзсіз өскелең ұрпақтың есіне салды. Бұл – өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге тиісті басты құндылықтардың бірі.


Кейін қарай