Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қараша, 2022

187

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

2022 жылдың 25 қарашасында Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі М.Әзілхановтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов отырыстың басында кеңеске қатысушыларды Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 20 қарашада өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

ҚХА Кеңесінің отырысында Ассамблеяның 31-сессиясындағы шешімдер талқыланды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов саяси реформалар Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі институты болып табылатын этномәдени бірлестіктер мүшелерінің азаматтық белсенділігіне сүйенетінін атап өтті.

Сонымен қатар, М.Әзілханов өз сөзінде Қоғамдық келісім кеңестерін қайта қарастырып, ҚХА Ақсақалдар кеңесі институтын құру туралы маңызды шешім қабылданғанына тоқталды.

ҚХА Ақсақалдар кеңесінің негізгі міндеті — қоғамда бірлікті нығайту, азаматтардың патриотизмі мен жауапкершілігін тәрбиелеу, медиация және жергілікті халықтың арасында келісімді қамтамасыз ету бойынша білім мен тәжірибе алмасу болып табылады.

Кеңеске қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына ҚР Мәжіліс депутаттары, республикалық және жергілікті этномәдени бірлестіктердің басшылары және ҚХА қоғамдық құрылым өкілдері (Аналар кеңесі, Қоғамдық кеңес мүшелері, Медиация кеңесі, «Ассамблея жастары» РҚБ, Кәсіпкерлер ассоцияциясы) қатысты.


Кейін қарай