Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Сәуір, 2022

453

Қазақстан мен Беларусьтің әдеби ынтымақтастығы

5 сәуір күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ғылым күніне арналған «Қазақстан мен Беларусьтің қазіргі әдеби үрдісінің динамикасы» атты халықаралық «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, «Беларусь» Этно-мәдени орталығы, Қазақстан Жазушылар Одағы, Алматы қаласындағы Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобы, республикалық Достық үйі атсалысты.


Іс-шара әуелі Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжановтың «Морис Симашко» медалімен сондай-ақ «звязда» (Минск) баспа үйінің «Қазақ-Беларусь әдеби байланыстарын дамытқаны үшін» дипломымен марапатталғанына байланысты салтанатты түрде құттықтаумен басталды. Аталған марапатты Мицва қауымдастығы кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Александр Барон және «Беларусь» ЭКО төрағасы, МАИН вице-президенті, Қазақстан Халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Алексей Цеховой табыстады.

Қазақстан мен Беларусьтің көркем сөз шеберлері бөтен ұлттық әлеммен, тіл бойынша басқа көркем сөзбен танысу байытатынын, жаңа көкжиектер ашатынын, олардың өзіндік дамуына жаңа мазмұн әкелетінін анық түсінеді. Ең бастысы, өзінің құттықтау сөзінде Кенжехан Матыжанов бір-бірін түсінуге көмектесетінін, жақын болуға, әртүрлі ерекшеліктер мен ұқсастықтарды түсінуге көмектесетінін айтты. Сондай-ақ ол гуманитарлық ғылымдар мен екі ел арасындағы халықаралық ынтымақтастық, ХХІ ғасырдың бірінші ширегіндегі аударма және баспа саясаты саласындағы ынтымақтастық тәжірибесі мен перспективалары сөзсіз ТМД-ның барлық елдеріне таралуы мүмкін екені, өйткені олар әдеби және шығармашылық байланыстарды қалпына келтіру мен нығайтудың, классикалық және қазіргі заманғы әдебиеттердің кеңінен танымал болуының сәтті динамикасын көрсетететінін тілге тиек етті.

Іс-шара барысында Минскіден Беларусь Жазушылар одағының төрағасы, «Звязда» баспа үйінің директоры-бас редакторы Александр Карлюкевич пен Беларусь Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары, прозашы Елена Стельмах қосылып, сөз сөйледі. Александр Карлюкевич соңғы 15 жылдағы баспа жобаларын қорытындылай келе, көркем аударма саласындағы көптеген бастамалар, салыстырмалы әдебиеттану саласындағы Беларусь және қазақ әдебиетінің шығармаларына арналған мақалалар бейбітшілік пен ұлттық мәдениетті нығайтуға, екі ел арасындағы татулықты қалыптастырудың негізі болып табылатынын айтты. Бүгінгі пікірталас гуманистік ғаламның рухани дамуының ортақ мұраттарын дамытуға және бекітуге көмектеседі деген үмітте екенін жеткізді. Ізбасарлар жаңа ұрпақ Беларусь пен Қазақстанның, бүкіл Еуразия әлемінің мықты әдебиетшілері болады деген сенгімі барын тілге тиек етті.


Қоғам және мемлекет қайраткері, дипломат, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов пен аты аңызға айналған тұлға Ади Шәріпов туралы «Лето 41-го» көркем фильмінің бас режиссері Бекболат Шекеровтың табысты жұмысы туралы айтылды, әдемі тілектер жолданды.

«Простор» журналы бас редакторының орынбасары, Орыс әдебиеті және әдеби байланыстар жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, прозашы Любовь Шашкова алғашқы «Қазақстан – Беларусь» әдеби альманахын таныстырды. Қазақстан Республикасының Беларусьтегі Елшілігі Абай поэзиясы мен «Абай жолы» роман-эпопеясының аудармаларын шығаруға қолғабыс еткенін айтып, алғыс білдірді. Мұхтар Әуезовтің туындысы беларусь тілінде жарық көрді. Өткен жылдың көктемінде Минскідегі Беларусь Ұлттық кітапханасында альманахтың алғашқы тұсаукесері өткені сөз болды. Басылымды әлемнің түрлі елдерінің сыншылары мен әдебиеттанушылары жоғары бағалаған. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Франциск Скоринаның, Виктор Шниптің, Амантай Ахетовтың, Қазбек Мамсуровтың өлеңдері оқылды.

Ф.Тамендаров Белоруссияны таңқаларлық әдеби елге балап, ол мектеп қабырғасынан Янки Купаланың поэзиясымен, Алес Адамович пен Васил Быковтың соғысы туралы кітаптарын оқып, өскенін есіне алды. Сондай-ақ Б. Ғабдуллиннен кейін әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевичтің шығармашылығына ерекше тоқталды.

Минскіде «Жүректер үндестігі» сериясында Беларусь пен Қазақстан жазушыларының «Шекараны білмей» атты шығармалар жинағы жарық көрді. Қазақстанда тұңғыш «Қазақстан – Беларусь» әдеби альманахы жарық көрді. 2019 жылы Минскіде өткен «Жазушы және уақыт» халықаралық әдебиетшілер симпозиумында Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, прозашы, аудармашы, баспагер Бақытжан Қанапияров аталмыш альманахты баспадан шығару туралы идеясын ұсынған болатын.

С. Ананьеваның «Абай және 21 ғасыр мәдениетаралық диалогы» атты ғылыми монографиясы сәтті ұсынылды, олардың бір бөлімі Абай Құнанбаев шығармаларының беларусь тіліне Микола Метлицкийдің аудармаларына арналған. Атап айтсақ С.Ананьева мен А.Карлюкевичтің «Беларусьтің шығармашылық тағдыры», «Шығармашылық – ерік» атты еңбектері.

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты баспасынан шыққан «Жаһандық әлемдегі мәдениет» ғылыми жинағы мен «Қазақстан менің тағдырым» (2 томдық) атты еңбектер оқырманға таныстырылды. Аталған жинақтардың ішіне А.Карлюкевич пен С.Ананьеваның «Қазіргі әдеби мәтін: әдеби көзқарас» бөлімі сондай-ақ Микола Метлицкий, Михас Поздняков, Геннадий Авласенко, Юлия Алейченконың поэзиясы, Алес Карлюкевич, Елена Стелмах, Геннадий Дорониннің прозасы енген.

Минск қаласында жарық көрген князь Мирзоев, Светлана Ананьева, Алес Карлюкевич, Күлсім Абдрахманованың «Рухани құндылық – халық мәдениетінің негізі» атты ғылыми монографиясының тұсаукесеріне Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Абай атындағы ҚазҰПУ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Күлсім Әбдірахманова, «Барбанг» күрдтер қауымдастығының вице-президенті, заң ғылымдарының кандидаты Везире Мирзоев сондай-ақ университет оқытушылары қатысты.

«Қазақстан – Беларусь» атты тұңғыш әдеби альманахты «Простор» журналы бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының орыс әдебиеті және әдеби байланыстар кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын, прозаик Любовь Шашкова Абай поэзиясы мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын аударып, шығаруда Қазақстан Республикасының Беларусьтегі Елшілігінің рөлін ерекше екенін атап өтті. Басылымды әлемнің түрлі елдерінің сыншылары мен әдебиеттанушылары жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Франциск Скоринаның, Виктор Шниптің, Амантай Ахетовтың, Қазбек Мамсуровтың өлеңдері оқылды.

Халықаралық дөңгелек үстелге «Простор» журналының бас редакторы Қайрат Бақбергенов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы Амантай Ахетов, «Ирныхас» осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрметті ардагері Қазбек Мамсуров, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Елена Брусиловская, жазушы «Вечерний Алматы» газетінің тілшісі Василий Шупейкин, «Беларусь» ОСК Кеңесінің мүшесі Александр Войцеховский, Институттың бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Әлімжан Хамраев, институттың жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Машақова, «Центр забота – Хесед Полина» директоры, Алматы қаласындағы «Шалом» этномәдени бірлестігінің төрағасы Инесса Чугайнова, Балажай Ардабаева, Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» талдау-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, әдебиеттанушылар мен жазушылар, ақындар қатысты.

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Бірлескен кәсіпорны Басқармасының мүшесі, Халықаралық қазақ ПЕН-клубының Атқару комитетінің және «Беларусь» ЭКК Кеңесінің мүшесі С.Ананьева модератор болды.

Кейін қарай