Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Мамыр, 2022

338

Қазақстанда этномедиация жүйесінің дамуына импульс берілді

Ағымдағы жылы 25-мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілхановтың төрағалығымен ҚХА республикалық медиация кеңесінің отырысы өтті.

Мемлекеттік органдар мен медиаторлар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шара барысында Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.Тоқаевтың еліміздегі этномедиация институтын дамыту жөнінде ҚХА-ның ХХХІ сессиясында берілген тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

М.Әзілханов өз сөзінде «Медиацияны дамыту, яғни даулы және жанжалды жағдайларды шешу барысында азаматтардың ымыраға келуге дайындығы - қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды белгілерінің бірі болып табылады», - деп, атап өтті. Осы орайда ол жергілікті әкімдіктер мен ҚХА қоғамдық құрылымдары, құқық қорғау органдары өкілдерінің этносаралық қақтығыстар бойынша тиісті құзыреттерін арттыру маңыздылығын атап өтті.

ҚХА төрағасының орынбасары бұл бағытта біршама жұмыстар атқарылғанына назар аударды. Атап айтқанда, арнайы оқу бағдарламасы әзірленіп, Жамбыл облысында алғашқы пилоттық курс та өткізілді. Соған қарамастан, оның пікірінше, бұл бағыттағы жұмыстардың белсенділігін одан әрі арттыру қажет. Оның айтуынша, қазіргі таңда этномедиаторларды даярлау жүйесін құру міндеті - күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып отыр. Бірақ бұл мәселе, оның ойынша, мемлекеттік қызметшілер оқытылатын Мемлекеттік басқару академиясының аясында ғана шешілмеуі керек.


М.Әзілханов құқық қорғау және құқық қорғау органдарын оқыту аясында этномедиация негіздерін оқытудың тиісті модульдерін әзірлеу және енгізу қажеттігін атап өтті. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, жиын барысында аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер дайындықтан өтетін этномедиация оқу орталығын құру мәселесі жан-жақты талқыланды.

М.Әзілхановтың айтуынша, Орталықтың өзін құру ғана емес, оған әкімдік қызметкерлерін даярлайтын кадрларды дайындау, сондай-ақ тиісті оқыту бағдарламасын әзірлеу маңызды. Осы тұрғыда алға қойылған міндеттерді сапалы және кешенді жүзеге асырудың негізгі тәсілдерін әзірлеу қажеттігі талқыланды.

Жиынды қорытындылай келе, ҚХА Төрағасының орынбасары Мемлекет басшысы этносаралық саладағы жанжалдардың алдын алуда медиация институтының ерекше рөліне баса назар аударып отырғанын атап өтті. Осыған орай, ол мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін осы іске жұмыла кірісуге шақырды.

Кейін қарай