Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Желтоқсан, 2020

660

Қазақстанның құрметті журналисі Л.Монастырская Құрмет орденімен марапатталды

Атырауда облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті. Жиында облыс басшысы бірқатар марапаттарды табыс етті.

Оның қатарында Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің ардагер тілшісі Любовь Монастырская бар. Ол Құрмет орденімен марапатталды.

55 жылдан аса журналистика саласында тынбай еңбек еткен Любовь Монастырскаяның қаламынан көптеген тың дүниелер мен мазмұны терең мақалалар туған.


Кейін қарай