Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Сәуір, 2022

662

Қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк

№ 17 мектеп-гимназиясында жеті жылдан бері «Мәншүк» қыздар клубы жұмыс істейді, оның құрамында 40 қыз бала және 10 ана бар. Клубты облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Айнагүл Жазиева басқарады. Клуб ұлттық дәстүр негізінде болашақ ошақ сақтаушы аналарды тәрбиелеумен айналысады. Мұнда аналар оқушы қыздарды үй шаруасының қыр-сырына, қамқор жар болуға, балаларды дұрыс тәрбиелеуге үйретеді.


Жеңіс күні қарсаңында мектепте Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100-жылдығына арналған «Қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк» атты іс-шара өтті. Мектеп қонақтары мен оқушыларына Мәншүк туралы бейнефильм көрсетіліп, клуб мүшелері оның балалық шағынан «Мәншүк пен анасы» және «Мәншүктің майданнан жазған хаты» атты театрландырылған қойылымдар көрсетті. Қыздар клубының жұмысы туралы оның жетекшісі А. С. Жазиева айтып берді.


Клуб туралы өз оң пікірлерін «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Марат Қойшын және «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қарлығаш Жұмабекова айтып өтті. Іс-шара мектеп қабырғасындағы қыздар клубының арнайы кабинетін тамашалаумен аяқталды.

Кейін қарай