Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Ақпан, 2023

243

«Азат елдің ертеңі»

Отанға деген риясыз махаббат – жүрегі елім деп соққан әр жанның бойында бары анық. Ал елді қорғап, шекара күзеткен сарбаздар үшін бұл түсінік, тіптен, екі-үш есе ыстық болары сөзсіз. Осы орайда, Атырау қаласында орналасқан №5546 әскери бөлімінде Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Азат елдің ертеңі» атты жас сарбаздармен кездесу өтті. Кездесуде ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі К.Қосыбаев пен Ауған соғысының ардагері Е.Қаналин өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, Ауған жерінде қару асынып, ерлігі мен ептілігін танытқан батырларымыз жөнінде сөз қозғады. «Светоч-Атырау» славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Р.Биткова сарбаздарға аналық ақ тілегін білдірсе, «Шапағат» қоғамдық қорының теолог маманы Ж.Бағытжанов қоғамда белең алған теріс әрекеттер, соның ішінде өз-өзіне қол жұмсау фактілері, оның діндегі үкімі жөнінде ақылын айтып, өзге де діни сұрақтарға жауап берді.

Келген қонақтарға алғыс ретінде жас сарбаз С. Ахметов гитарада ән айтып, өз өнерін көрсетті. Тәрбиелік мәні зор кездесу соңында қатысушылар патриоттық рухты көтеретін «Атамекен» әнін хормен шырқады.


Кейін қарай