Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Қазан, 2021

204

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетті

Қарттар күні-бұл ата-аналарымыз бен ата-әжелерімізге ерекше ілтипат білдіріп, құрмет көрсететін ізгілікке толы мереке. Қариялар да өз уақытында біз сияқты адал жұмыс жасап, өз Отанына қызмет еткен, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосқан жандар. Бүгін де біреуі құрметті демалыстағы бақытты әже немесе ата болса, енді біреуі немере тәрбиелеп отырған ардақты жан, келесі бірі қоғамдық қызметпен айналысып жүрген адамдар.

1 қазан мерекесіне орай Өзбек этномәдени орталығы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық құрылымдарының өкілдері үшін мерекелік түскі ас ұйымдастырды. Зейнеткерлерді ЭМБ басшысы Медетова Тәжубуви Усманқызы құттықтады. Дөңгелек үстел басында аға буын өкілдері естеліктерімен бөлісіп, өздерінің жастық шақтарының сүйікті әндерін орындады.

Кейін қарай