Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қараша, 2021

464

Баға жетпес «Бірлік» атты алтын қазынамызды көздің қарашығындай сақтау әрқайсымыздың басты парызымыз

Тәжік қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шокир Бабаев ««Бірлік түбі-береке» деген халық даналығын берік ұстанған қазақ еліміз Тәуелсіздігіміздің 30 жылында ел болып, қол жеткізген елеулі табысымыз бен жетістігіміз мол» - дейді.

Шокир Туркмонұлының пікірінше, Қазақстан халқы үшін Тәуелсіздіктің бірінші қадамдары оңай болған жоқ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз ел құрудағы еңбектерін ерекше атап өту әрбір қазақстандықтың парызы деп білемін. Тұңғыш Президентің беделді саясаткер екендігінің дәлелі ретінде, екі алпауыт елдер арасында кең байтақ еліміздің шекераларын анықтап бекіту демаркация және делеметация жасауының өзі қаһармандық екендігін атап өтуге болады.

Стратегиялық ойлау көрегендігі арқасында Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдары мемлекеттік стратегия мен бағдарламаларды қабылдап ел дамуының даңғыл жолына жетеледі. Атом қаруынан бастартып Семей атом полигонының жабылуы Қазақстан бейбіт сүйгіш халық екенін әлем елдеріне дәлелдеді.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының құру туралы идея алғаш рет 1992 жылы көтеріліп, 1995 жылы іске асты. Бұл қадам мемлекет құраушы қазақ ұлттық төңірегіне басқа ұлттарды біріктіріп кең байтақ даламызды мәңгілік ел болуына жасалған қадам деп түсінуіміз керек!

Ата-бабаларымыздың бізге қалдырған қасиетті мұрасы – кең байтақ қазақ жерін сақтау үшін ұлтаралық келіспеушіліктік болмау маңызды болатын.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы еліміздің біріктіруші факторы болды десем артық айтқаным емес!

Қазақстанның барлық этнос өкілдері қиын-қыстау заманда Қазақ елін паналап, қамқорлығы мен кеңпейілдігін көрген. Сол үшін қазақ халқын жоғары бағалап құрметтейді.

Ендігі біздің мақсатымыз - елдегі тұрақтылықты сақтап, Отанымыз-Қазақстанның баянды болашағы үшін адал қызмет ету. Баға жетпес «Бірлік» атты алтын қазынамызды көздің қарашығындай сақтау әрқайсымыздың басты парызымыз!

Этносаралық келісім қазіргі ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өзекті мәселелердің бірі болыр отыр! Қазақстан қоғамының тұрақтылығын шайқатуға күш салатын сыртқы факторлар қауіпі жоқ емес, сол үшін ата-балаларымыздың салмақтылығын, кеңпейілдік қасиеттерін естен шығармай, бөлінбей, бір халық, бір ел болып, Отанымыздың мәңгілік ел болуы үшін қызмет етейік!

Бабаев Шокир Туркмонұлы,
«Файз» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы

Кейін қарай