Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Сәуір, 2020

919

Бағила Мақанова: Ақтөбе - татулық пен бірліктің құтты мекені

Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені. Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Н.Назарбаевтың салиқалы, сындарлы және сарабдал саясатының арқасында Ассамблея құрылып, оған бүкіл халық қолдау көрсетіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз септігін тигізуде.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Бұл - ұлы қазақ еліне үлкен мақтаныш.

Қазақ елінде татулығы жарасқан 100-ден астам, облысымызда 90-нан астам ұлт өкілдері тұрады. Олар бейбітшілікте, ауызбіршілікте өмір сүруде. Ал, оның негізі, түп-тамыры xалықтың бірлігінде, татулығында, біртұтастығында деп ойлаймын, барлығының жүрегінде - бір ел, бір арман, бір сенім. Осы құтты жерде өсіп-өніп, балаларын жеткізіп, немерелерін жетектеп ортақ шаңырағымызда алаңсыз өмір сүруде.

Бұған әлем елдері қызғана да, қызыға да қарайды. Мемлекетіміз көк аспанның астындағы бейбіт өмірінің тұғырын биік ұстауда. Еліміздегі бірлікке, келісімге, татулыққа мақтанамыз, оны өз ән-жырымызға қосамыз.

Жыл сайын 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күнін атап өтудеміз, бұл татулық пен ынтымақтың, бірлік пен достықтың мерекесі, сондықтан да, Қазақстан- Ұлы Дала Елі, татулық пен бірліктің құтты мекені екені рас!

Бүгiнде елiмiздi мекендеген ұлттардың барлығы өз тiлi мен дiлiн, мәдениетiн дамытып келеді, ол үшін барлық этномәдени бірлестіктер жанынан жексенбілік мектептер ашылып, жұмыс жасауда. Оның бәрi Елбасының көрегенді саясаты мен елiмiзде қалыптасқан ұлтаралық достықтың негiзі. Біздің облыста 18 этномәдени бірлестік тату-тәтті өз қызметін жүргізуде.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі болғандықтан, көптеген облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып, қоғамдық келісіммен, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімді қосудамын. Аналар Кеңесінің басты мақсаты: бірлікті ту ету, елдегі достықтың нығаюына септігін тигізу, ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру, бір шаңырақ астындағы барлық ұлттар мен этностардың достық қарым-қатынасын күшейту болып табылады.

Белгіленген міндеттерді жүзеге асырып, Аналар Кеңесінің мүшелері кең көлемде ауқымды іс-шаралар өткізіп жатыр. Сол арқылы ұрпағымыздың бойына татулық пен достық, бірлік пен ынтымақтастық, бейбітшілік пен келісім сияқты жақсы қасиеттер сіңірілуде. Әрбір Аналар кеңесінің мүшесі жастарға Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсат-мүддесін ортаға салып, біртұтас Қазақстан халқының болашағы - ұрпақтары екенін ескертіп, тәрбие беруде.

Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені екендігін дәлелдейтіндей әр ұлттың ұлыларын ұлықтап, салт-дәстүрін, өткен тарихын насихаттайтын сынып сағаттары, түрлі тақырыптық кездесулер, дөңгелек үстел отырыстары, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп келеді. Олардың мақсаты - ұлттар достығына, бірлікке, ынтымақтастыққа бағыттау.

Бүгінде барлық этнос өкілдері үшін қазақ жері құтты қоныс, мейірімді мекен болды. Қазақ халқының қамқорлығының арқасында елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерін бөліп-жармай теңдікте, бостандықта өмір кешулеріне жағдай жасалды. Қазақ халқының жүрегінің кеңдігі мен жанының тазалығы арқасында бір ортақ шаңырақ астында тұратын этнос өкілдері шынайы шындықты айтып, әркез, Ұлы Дала перзенттеріне ризашылықтарын білдіреді.

Аналар Кеңесінің де мүшелері өз жұмысында адалдық пен адамгершілік, сыйластық пен бірлікті танытуда. Мұның өзі туған Отанымызға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімді жастар бойына дарыту болмақ.

Бағила Мақанова,

Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы

Аналар Кеңесінің мүшесі


Кейін қарай