01 Маусым, 2020
715
Бар жақсылық балаларға!
Бүгін 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Волонтерлік орталығының мүшелері «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады.
Волонтерлер «Атамекен» балалар ауылының аумағына карантиндік режимді сақтай отырып, балаларға арналған медициналық маскалар, антисептиктер және тәттілерді сыйға тартты.
Балалар мерекесіне орай қайырымдылық акциясына облыстық ҚХА Волонтерлер орталығының басшысы Ильдар Гафуров, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда филиалының жетекшісі Владимир Толоконников, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, волонтерлер және «Dalatex» ЖШС-гі өз үлестерін қосты.
Сондай-ақ, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Лиза Скакова облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының волонтерлеріне ризашылығын білдірді.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаиловтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, МЕЦЕНАТ АКБАРЖАН ЯХИЯҚАЖЫҰЛЫ ИСМАИЛОВ ЕКІ КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА АСТАНА ҚАЛАСЫНАН ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ
-
«Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығымен кездесу
-
БАРЛЫҚ БАЛАЛАР БАҚЫТҚА ЛАЙЫҚ!
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрына барды