Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қараша, 2021

1352

Берік отбасы – берік мемлекет!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік ауылдық округтік Аналар кеңесі» байқауы өтті. Байқау Аналар кеңесінің «Берік отбасы – берік мемлекет!» жобасы бойынша ауылдық жердегі Аналар кеңесінің жұмысын насихаттауға, белсенді Аналарды ынталандыруға бағытталған.


Іс-шараның ұйымдастырушы «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық Аналар кеңесі. Байқаудың басты мақсаты – Аналар кеңесінің жұмысын насихаттау, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.


Конкурсты ұйымдастыру тәртібі «Берік отбасы – берік мемлекет!» тақырыбындағы Аналар кеңесінің жұмысының соңғы 2 жылда жүргізілген жұмыстарды көрсету.


Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрайымы Кемелбекова Күміскүл Пармашқызы иеленді, бірінші орынды Алакөл ауданы Еңбекші ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрайымы Тайкина Нұржан Сүлейменқызы алды, екінші орынды Іле ауданы Қараой ауылдық округінің төрайымы Тажиева Секер Шамырханқызы иеленді.

Кейін қарай