Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Сәуір, 2021

1370

Бейбiтшiлiк пен ынтымақтастықтың ыстық ұясы

2021 жылдың сәуiрiнде ел тарихында маңызды оқиға саналатын – Қазақстан халқы Ассамблеясының дәстүрлi XXIХ сессиясы өтедi. Бейбiтшiлiктiң бiрегей институты ширек ғасырдан астам уақыт бойы көп этносты елiмiздiң бiрлiгi мен келiсiмiнiң сенiмдi кепiлi болып келедi. Осыған орай, «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығы» бiрлестiгi төрағасының орынбасары Айгүл Кабиева өз пікірін білдіреді.

- Тәуелсiз Қазақстанның Тұңғыш Президентi - ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев өткен жылғы XXVIII сессияда сөйлеген сөзiнде: «Әлем ауыспалы болса да, тұрақты, iргелi құндылық – қоғам бiрлiгi мен ұлтаралық келiсiм болып қала бередi. Өзгерiстер мен жетiстiктер дәуiрi әлемдi қауiпсiз ете алмағанын өкiнiшпен мойындау керек. Бүгiнгi таңда шамамен ондаған мемлекеттер қақтығыс пен жанжалдар астында отыр. Олардың көпшiлiгiнiң себебi iшкi этносаралық және дiни қайшылықтар, бұл елемеуге болмайтын қайғылы жағдайлар..» - деген Елбасы, өз баяндамасында татулықтың басты символы Ассамблеяның әлеуметтiк бiрлiк және қоғамды жаңғырту болып табылатын бейбiтшiлiк пен келiсiмнiң басты формуласын егжей-тегжейлi ашып бердi.

Бейбiтшiлiгiмiз бен ынтымағымыз сынға түскен тағы бiр кезең – бұл пандемия кезеңi. Бiздiң елiмiздi де дүние жүзiне кең тараған тәждi вирус айналып өтпедi. Талай халықтың қаймағына айналған тұлғалар мен қаншама қарапайым ел iндеттiң салдарынан көз жұмды.

- Аты шулы iндетпен арпалысып, жасанды оттегi құрылғысымен жанын аман алып қалуға асыққандары қаншама. Дүбiрi басылмаған алпауыт дерттiң басы қайтқанымен қарқыны толқын толқын болып тығырыққа тiреуде. Қазiр әлем елдерi пандемиямен күрес үстiнде. Бұл қиын кезеңнен өту де тек татулық пен бiрлiкке қатысты. Қандай жағдай болмасын, небiр қилы заманда халықтың бiрлiгi арқылы ғана жеңiске жеткенбiз. Осы тұста ынтымағымыз ажырамаса екен, iргемiз сөгiлмесе екен деген тiлегiмде бар! Әрине елiмiзде орын алып жатқан кез-келген дүниеге халық болып үн қатамыз. Барлық iс ел Президентiнiң сындарлы саясаты негiзiнде жүзеге асатын болады. Алдымызда Қазақстан халқы Ассамблеясының дәстүрге айналған кезектi сессиясы келе жатыр. Бұл сессияға қатысушы әрбiр Қазақстан азаматы өзiн зор жауапкершiлiк күтiп тұрғанын ұмытпағаны абзал. Өйткенi, осы үлкен диалогтық алаңда бiлiм деңгейi көрiнiп, пiкiр, тәжiрибе алмасу, ел арасындағы түйiткiлдi мәселелердiң шешiлуi жолында тың идеялар ұсынылып, жүйелi жобалар жүзеге асады. Өткеннiң кемшiлiктерiнен дұрыс нәтиже шығарып, жетiстiктерiн пайдалана отырып, болашаққа нық қадам жасай келе, жаңа таным, жаңа көзқараспен алға ұмтылу – Қазақ елiнде тұратын барлық этнос өкiлдерiнiң өз атқарған iстерiнен күткен нәтижесi, - дейід Айгүл Кабиева.

Ең бастысы, әрбiр Сессия Ассамблея құрылымдарының Қазақстан бойынша өткен жылдағы атқарған жұмыстарының қорытындысын шығаруға мүмкiндiк бередi және соның негiзiнде келелi жоспарлар жобасы жасалады.

- Бiз барлығымыз дамудың күштi қарқынымен бiрге жүретiн қазiргi заманғы қазақстандық қоғамның қуатты трансформациясының куәсi болып табыламыз. Жаңа технологиялар адамзаттың дүниетанымын және адамдардың қоғамдағы қарым-қатынасын түбегейлi өзгертедi. Өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуымен бiрге, елiмiздегi елеулi оқиға- Конституциямыздың 25 жылдығын атап өттiк. Бұл барлығымыз үшiн маңызды даталар болып қалады. Қазақстан халқы өмiрiнiң осы межесiне жеткенде нағыз бiрлiк пен патриотизмнiң, өз жерiне және халқына, оның мәдениетiне, жалпы құндылықтарына, мақсаттары мен мiндеттерiне деген сүйiспеншiлiктiң барына нақты көз жеткiздiм. Қазақстан-экономикалық және саяси табысты, бейбiттi және тұрақты мемлекет, - дейді "Әулие-ата" қазақ бірлестігінің төрағасының орынбасары.

"Мен бiздiң халқымыз бiрлiк пен келiсiмдi сақтай отырып, уақыт сынына адал жауап берiп, жаңа биiктерге жете алатынына сенiмдiмiн" - деп сөзін аяқтады Айгүл Кабиева.


Кейін қарай