Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қыркүйек, 2021

271

«Бірлік пен келісімді нығайтудың жаңа кезеңіне айналады»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік-экономикалық және саяси күн тәртібінің өзекті мәселелеріне нақты да тұщымды жауап ретінде бүгінгі таңда ел азаматтарын толғандыратын мәселелерді қамтыды.

Биылғы Жолдау – өзінің мәні мен мазмұны жағынан мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтық қоғам институттары үшін алдағы кезеңге арналған іс-қимылдардың тұтас стратегиясын айқындайтын айрықша құжат.

Президенттің 2021 жылғы Қазақ­стан халқына Жолдауы Мемлекет басшысы­ның бұрынғы Жолдауларында айтқан тапсыр­маларының қисынды жалғасы, сондай-ақ олардың табысты жүзеге асы­рыл­ғанының нәтижесі екенін атап өту қажет.

Жолдау мемлекеттің пандемиядан кейін елді экономикалық дамытудың ойластырылған бағдарламасы бар екенін көрсетті, ол 2025 жылға дейінгі дамудың Жол картасында көрініс табатын болады.

Мемлекет басшысы таяудағы онжыл­дықтың күрделі болатынын ашық айтты, сонымен бірге алдағы міндеттерді шешу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді басымдықтарын белгіледі.

Президенттің біздің еліміздің әрбір азаматына тікелей қатысы бар, әр қазақстандықтың мүддесіне сөзсіз әсер ететін маңызды тапсырмалары дер кезінде айтылып отыр.

Олардың қатарында, Жолдаудың экономикалық блогындағы – мемлекеттік қаржыны басқару және Ұлттық қорды дамыту тұжырымдамасы, «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын ұзарту, цифрлы үкіметтің жаңа архитектурасы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Көші-қон саясатының, қоныс аудару­шыларды ынталандырудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу халықты этнодемографиялық тұрғыда ұтымды орналастыруға ықпал етеді, оның ішінде этностар жинақы қоныстанған жерлерде бірқатар әлеуметтік-экономика­лық және этносаралық мәселелерді шешу­ге көмектеседі және өзара іс-қимылдың көптеген этноәлеуметтік аспектілерін жояды.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты елі­міздегі саяси тұрақтылықтың, бірліктің, ұлт­аралық татулық пен келісімнің негі­зі және солай болып қала береді. Сон­дықтан Жолдаудың әлеуметтік блогын біз осы тұрғыда қарастыруымыз керек.

Жолдаудың әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыру халықтың нақты кіріс­тері­нің өсуіне, жүздеген мың азаматы­мыз­ды мемлекеттің әлеуметтік кепілдік­тер жүйесіне қосуға қуатты синергия береді.

Жолдаудың басты тақырыптарының бірі көпэтносты еліміздегі бірлік, тату­лық пен келісімге арналды.

Бұл жерде Мемлекет басшысы бар­лық басымдықтар мен екпіндерді өте айқын және анық қойып отыр. Жолдауда ұлтаралық қатынастардың үйлесімді дамуы қашанда мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі болғаны және бола беретіні атап көрсетілді. «Бұл – бекерге айтылған сөз емес. Мұндай ұста­нымды қазақстандықтардың басым көпшілігі қолдайды», деді Мемлекет басшысы.

Президент азаматтардың конститу­циялық құқықтарының кепілі ретінде заң бойынша Қазақстанда бір ғана мем­лекеттік тіл бар екенін, бірақ біз­дің заңнамаға сәйкес орыс тілінің қолданылуына кедергі келтіруге болмайтынын нақты атап өтті. Бұл ұстаным тек қана Қазақстан заңнамасына ғана емес, сонымен қатар этносаралық қаты­настардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін, тәуелсіздік жылдарында сыннан өткен тіл саясатының оң тәжірибесіне сәйкес келеді.

Мемлекет басшысы қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым ба­ғыт­тарының бірі болып қала беретінін айтты. Бұл көзқарасты Қазақстанның барлық азаматтары қолдайтыны сөзсіз.

Қазақстан Президенті біздің азаматтарымыз үшін келісім, толерант­тылық – мәдениеттер мен тілдердің өзара кірігуіне байланысты өмірдің шындығы екенін тағы да еске салды.

Екінші жағынан, Мемлекет басшысы радикализмнің кез келген түріне қатаң тойтарыс берілетінін, Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығына ешкімнің қол сұғуына жол берілмейтінін баса айтты.

Әрине, мұндай ұстаным ел тұрғын­дарының көпшілігінің мүдделеріне сай келеді, олар үшін татулық пен келісім – қауіпсіз өмір сүру, тұрақтылық пен даму мүмкіндігінің алғышарты.

Президенттің барлық азамат эт­нос­аралық және конфессияаралық қаты­нас­тардың қаншалықты маңызды екенін түсінуі керек деген ойының маңызы зор.

Бұл тұрғыда Жолдаудың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» деген атауының өзі көп нәрсені аңғартады.

Жолдаудың маңызды аспектілерінің бірі – Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақ­станның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев жүзеге асырған бейбітші­лік, қоғамдық келісім және жалпыұлт­тық бірлік саясатындағы стратегиялық сабақ­тастықты қамтамасыз етуі.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шы­сының сөзі осы саясаттың іргелі қағидат­тары мен негіздерінен ауытқымай, жаңа тарихи жағдайларда шығармашылық тұрғыдан дамып келе жатқанын айқын көрсетті.

Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша теңдессіз шараларды белгіледі. Оларға қол жеткізу қоғамда келісім мен бірлік сақталған жағдайда ғана мүмкін болады.

Сондықтан Жолдаудың мақсаттары мен мін­деттеріне қол жеткізу үшін Қазақ­­стан халқы Ассамблеясының жұ­мысы өте маңызды екенін, оның тату­лық пен келі­сімді қамтамасыз етудегі, этнос­ара­лық қатынастарды үйлестірудегі және біз­­дің бірегейлігімізді нығайтудағы рөлін биылғы жылдың сәуір айында осы ма­ңыз­ды институтты басқаруға тағайын­дал­ған Президент Қ.К.Тоқаев айрықша атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа Жолдаудың міндеттерін толық қол­дайды және оларды іске асыруға белсене қатысады.

Барлық қазақстандық межеленген мақсаттарға қол жеткізу үшін бірігуі тиіс. Мұның бәрі Қазақстандағы татулық пен келісімнің негізі.

Жолдауды іске асыру қоғамдық келі­сім мен жалпыұлттық бірліктің, азамат­тардың әл-ауқатын арттырудың және Отанымыздың өркендеуінің берік кепілі болатынына сенімдімін.

Марат ӘЗІЛХАНОВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары –

Президент Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі



egemen.kz

Кейін қарай