Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Маусым, 2021

370

«Бітімгерлік бесты мақсат» тақырыбында ақтөбелік медиаторлар Әйтеке би ауданына барды

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "Қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту" әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында "Ақтөбе облысының медиаторлар кеңесі" басшысы, медиатор-жаттықтырушы Светлана Балпеисова кезекті сапарын Әйтеке би ауданына бағыттады.


Аталған іс-шараға кәсіби медиатор Лаура Бердібекова, Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы Г.Алматбаева, тұтынушылардың құқығын қорғау кеңесінің басшысы М.Манепов және «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ сарапшы маманы Бекзат Мулдыкешева Әйтеке би ауданына барды.

Аталмыш шараның басты мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптардың өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алатындығын түсіндіру мақсатында өткен кездесуге аудандағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, заңгерлер, сот қызметкерлері, Әйтеке би аудан орталығының әкімі Дархан Ермағамбетов пен медиация кеңесінің төрайымы Зоя Бөлекбаева қатысты.


Аудан орталығының әкімшілік ғимаратында аудан әкімі Дархан Ермағамбетов, сот төрағасы, аудандық кеңес мүшелері, аудандық кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен салтанатты түрде лента қиылып, медиация кабинеті ашылды.

Кездесу соңында Әйтеке би ауданы әкімі Дархан Ермағамбетов және "Ақтөбе облысының медиаторлар кеңесі" басшысы, медиатор-жаттықтырушы – Светлана Балпеисова және тұтынушылардың құқығын қорғау кеңесінің басшысы М.Манеповпен бірлесе отырып, меморандумға отырды. Шараға қатысушыларға ақпараттық түсіндірме құрал ретінде кітапшалар таратылды.

Кейін қарай