Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қыркүйек, 2022

458

Болашақта өтетін Президент сайлауы бұл-Мемлекет басшысының саяси реформаларының сәтті әрі салиқалы жалғасы

Алдағы уақытта өтетін Президенттік сайлау – ол біздің болашақтағы саяси реформаның жалғасы десек те артық емес. Өйткені бізге бүгінгі таңда ең басты керекті нақты үш дүние, ол - еліміздің Тәуелсіздігі, екіншіден – еліміздің бейбітшілігі, үшіншіден – бұл саяси тұрақтылық. Өздеріңізге мәлім, бүгінгі таңда Президент мырза алдын-ала сайлау болатынын мәлімдеген болатын және бұл мәлімдеме - бүгінгі таңдағы нақты жүйелі түрдегі саяси тұрақтылықты білдіреді. Яғни, алдағы уақытта жоспарланып отырған сайлау науқаны біздің еліміз үшін нақты тұрақтылықтың басты белгісі болып табылатыны сөзсіз. Себебі алдағы уақытта бұл біздің электоралдық көңіл-күйде әрі қарай өзінің сәтті жалғасын табуына үлкен мүмкіндік береді. Бүгінгі таңдағы Президент мырзаның осындай шешімі - нақты еліміздегі демократияның белгісі ретінде қоғамның ішінде үлкен көрініс табады деген ойдамын. Өйткені, бұл біздің еліміз үшін алдағы уақытта өтетін Президент сайлауы өте маңызды және де бұл біздің еліміздің демократияның басты принциптерін айқындайтын іс-шара болатыны сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі

Шиповских Геннадий Геннадиевич

Кейін қарай