Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Мамыр, 2019

4897

БҰЛ КҮНІ - 29 МАМЫР

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы.

 

2006 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 13 шілдедегі №1616 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» №126 Жарлығына қол қойды.

 

2007 ж.: Мемлекет басшысы Әзірбайжан Республикасының Президенті И.Г.Алиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында тараптар екіжақты қатынастарды нығайту, сондай-ақ өзара мүдделерге ие өңірлік проблемаларды талқылады.

*****

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің Басшысы С.С.Собянинді қабылдады.

004-29.png

Кездесу барысында маусым айының алғашқы жартысында Санкт-Петербург қаласында өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне әзірлік мәселесі қозғалды. 

*****

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сингапур Республикасының Үкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiмдi және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» №256-ІІІ, «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезiнде өзара iс-қимыл жасау туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» №257-ІІІ заңдарына қол қойды.

Президент сондай-ақ «Бiр тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмге (ӘЫК), Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы» №335, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 1 қыркүйектегi №1641 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы» №336 жарлықтарына қол қойды.


2008 ж.: Мемлекет басшысы «Б.С.Оспановты Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау туралы» №604 Жарлығына қол қойды.


2010 ж.: Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Лян Гуанлені қабылдады.

005-29.png

Кездесу кезінде қорғаныс ведомстваларының екіжақты ынтымақтастығының жағдайы мен болашағы, сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарулы күштердің достық қарым-қатынасын нығайту мәселелері талқыланды.

*****

Мемлекет басшысы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №283-IV Заңына қол қойды.


2012 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.А.Медведевті қабылдады.

006-29.png

Қазақстан Президенті Д.А.Медведевті Үкімет басшысы лауазымына тағайындалуымен, сондай-ақ «Единая Россия» Бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы етіп сайлануымен құттықтады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың өзекті тақырыптарын талқылады. 

*****

Мемлекет басшысы Қазақстанға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне қатысу үшін келген Канаданың бұрынғы Премьер-министрі Ж.Кретьенмен және Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллмен екіжақты кездесулер өткізді. 

007-29.png

008-29.png

2013 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін келген Украинаның Президенті В.Ф.Януковичпен, Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенкомен, Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путинмен екіжақты кездесулер өткізді. 

009-29.png

010-29.png

011-29.png

*****

Сол күні Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты.

012-29.png

Саммитке сондай-ақ Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко, Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин, Қырғыз Республикасының Президенті А.Ш.Атамбаев және Украинаның Президенті В.Ф.Янукович қатысты.

Саммит жұмысын аша отырып: «Бұл биылғы жылы жоғарғы деңгейде өтіп отырған бірінші кездесу болып табылады. Біз интеграцияға қатысушылардың барлығына да ол тиімді болуы қажет деп есептейміз. Интеграциялық үдеріс эволюциялық түрде іске асырылуы керек, барлық күш-жігерді біріктіріп, жанасу нүктелерін іздеп табу қажет», - деді Қазақстан Президенті.

Отырыста Еуразиялық экономикалық комиссияның елдердің одан әрі әрекет ету тетіктерін жасау жөніндегі мәселелері, сондай-ақ Қырғызстан мен Украинаның Кедендік одаққа қатысу перспективалары қаралды.

Саммит қорытындысы бойынша сауда-саттық саласындағы халықаралық келіссөздер өткізу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің мәселелері бойынша Регламентке өзгерістер енгізілді, Кедендік одаққа қатысушы елдердің келісілген агроөнеркәсіптік саясат және Бірыңғай экономикалық кеңістік тұжырымдамасы мақұлданды, Кедендік одақтың сыртқы және өзара сауда-саттығының Интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру және дамыту шаралары анықталды, статистика саласындағы ақпараттық іс-қимыл туралы келісім қабылданды. 


2014 ж.: Мемлекет басшысы Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты.

013-29.png

Саммитке сондай-ақ Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин және Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко қатысты.

Тараптар Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік қызметінің негізгі қорытындыларын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі еуразиялық интеграциялық үдерісті кеңейту перспективаларын талқылады.

Н.Ә.Назарбаев ЕАЭО туралы шартқа қол қою Қазақстан, Ресей және Беларусьтің болашағы үшін тарихи мәнге ие екенін атап өтті. «Біз Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты дайындау барысында үлкен жұмыс атқардық. Оған қол қою еуразиялық кеңістіктегі интеграция дамуының жаңа сапалық кезеңге өтуін білдіреді. Құжатта халықаралық ұйымдарға тән барлық негізгі аспектілер көрсетілген, мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктеріне құрметпен қарау принциптері бекітілген. Ұйымның барлық деңгейдегі шешімдерін қабылдау пәтуәластық принципінің негізінде жүзеге асырылатыны маңызды. Осылайша, әрбір тараптың даусы шешуші болып табылады», - деді ол. 

*****

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.

014-29.png

Саммитке сондай-ақ Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин, Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко, Армения Республикасының Президенті С.А.Саргсян, Қырғыз Республикасының Президенті А.Ш.Атамбаев және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы В.Б.Христенко қатысты.

Отырыстың күн тәртібінің басты тақырыбы Арменияны ЕОЭО құрамына қосылуы туралы шартты және Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы жөніндегі Жол картасын әзірлеу мәселелері болды. 

*****

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою рәсіміне қатысты.

015-29.png

Үш елдің халқын шартқа қол қойылуымен құттықтаған Н.Ә.Назарбаев: «Еуразиялық ықпалдастықты тереңдету - біздің елдеріміз бен халықтарымыздың мүддесі. Басты мақсаттардың бірі экономикаларымызды бірлесіп жаңғырту және бәсеке қабілетін арттыру үшін әрбір елдің мүмкіндіктерін біріктіру болып табылады. Ең алдымен, бұл экономикалық одақ болып табылады және ықпалдастық үрдісіне қатысушы-мемлекеттердің тәуелсіздігі мен саяси егемендігі мәселелеріне қол сұқпайды.

Бүгін ЕАЭО туралы шартқа қол қою арқылы қазіргі заманның ең ірі интеграциялық бірлестігін құру заңдық тұрғыдан ресімделді. Халқы шамамен 170 млн адам болатын одақ әлемде 7-ші орынды иеленеді.

Бұл - Жер шарындағы ең ірі тұтыну нарықтарының бірі.

Әлемде барланған барлық пайдалы қазбалардың жалпы құны 40 трлн доллар болатын шамамен бір ширегі одаққа қатысушы елдердің үлесіне тиеді.

Біздің ықпалдастық бірлестігіміз - әлемдегі ірі энергоресурс экспорттаушы. Соңғы жылдары ол азық-түліктік бидай экспорттаудан да алдыңғы орында.

Одақ өзін азық-түлікпен және энергиямен толық қамтамасыз етеді, ішкі ортақ нарықта, сондай-ақ өзге елдермен байланыста қажетті барлық коммуникациялары бар.

Бізде мемлекеттердің тәуелсіздігіне кепілдік беретін негізгі ресурстар жеткілікті.

Осылайша бүгін ХХІ ғасырдың жаңа геоэкономикалық ақиқаты дүниеге келді.

016-29.png

Сөйлеген сөзінің мәтіні мұнда ... 

*****

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес жұмысының аясында Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путинмен екіжақты кездесу өткізді.

017-29.png

Келіссөздер барысында индустриялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті тақырыптары қаралды.

Мемлекет басшылары сондай-ақ қол қойылған ЕАЭО туралы шарттың өзекті аспектілерін және осы бірлестіктің аясындағы елдердің өзара іс-қимылының басты бағыттары туралы сөз қозғады. 


2015 ж.: Мемлекет басшысы өзінің Ақмола облысы Бурабай қаласындағы резиденциясында Қазақстанға ТМД-ға мүше мемлекеттердің Үкіметтері басшыларының және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстарына қатысу үшін келген ТМД-ға қатысушы мемлекеттері делегацияларының басшыларын қабылдады.

018-29.png

Кездесу барысында ТМД елдерінің қаржы-экономикалық, транзиттік-көлік және отын-энергетикалық салалардағы өзара іс-қимылының өзекті аспектілері талқыланды. 

*****

Мемлекет басшысы Ақмола облысының Бурабай қаласында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.А.Медведевпен және Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-министрі Нгуен Тан Зунгпен екіжақты кездесулер өткізді. 

019-29.png

020-29.png


2017 ж.: Мемлекет басшысы Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті М.Сирисенеге осы елдің бірқатар провинцияларында болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

*****

Мемлекет басшысы «М.Жолдасбековті І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтау туралы» №485 Жарлығына қол қойды.


Дереккөз: Akorda.kz


Оқи отырыңыз:

БҰЛ КҮНІ – 28 МАМЫР

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН КЕЗДЕСТІ

ЕЛБАСЫ АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ НИКОЛПАШИНЯНМЕН КЕЗДЕСТІ

Кейін қарай