Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қараша, 2020

597

«Чен – Рю» халықтық вокалдық ансамбліне 20 жыл

Нұр-Сұлтан қаласында елордалық кәрістер этномәдени бірлестігіндегі «Чен – Рю» халықтық вокалдық ансамблдің 20 жылдық мерейтойы атап өтілді.


Мерекелік құттықтауды Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хон Сок және елордалық ҚХА хатшылығының өкілдері арнады. Олар өз кезегінде биылғы жылы өзінің 20 жылдығын атап өткен ұжым мүшелерін құттықтап, одан әрі өркендеу мен жаңа биіктерге жетуді тіледі.


Іс-шара барысында Қазақстандағы кәрістер қауымдастығының 30 жылдығына орай ансамбль Тамара Шегай, Наталья Легай, Людмила Тян, Алла Когай және Ербулат Калиев мерекелік төсбелгілермен марапатталса, ұжымынның өзге мүшелерне арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Қатысушыларға концерттік бағдарламадан бөлек, кәріс халқының ұлттық тағамы «Кимчи» әзірлеуден шеберлік сағаты өтті.


«Нұр-Сұлтан қаласындағы кәрістердің этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің «Чен – Рю» халықтық вокалдық ансамблі 2000 жылдың қараша айында құрылды. Ансамбль репертуарында қазақ, кәріс және орыс тілдерінде 40-тан астам ән бар. Қазір хорда 20 қатысушы бар, 17 жылдан бері Ляззат Хамзина хорды басқарып келеді. Л.Хамзинаның жетекшілігімен ұжым қалалық, сондай-ақ республикалық іс-шараларға, конкурстар мен фестивальдарға белсенді қатысады. Оған көптеген марапаттар мен алғыс хаттар жиыны дәлел бола алады. Хор ұжымы бірнеше рет түрлі елдерге концерттермен де барған болатын.

Кейін қарай