Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қыркүйек, 2021

342

Дәстүрлі «Ловзар» іс-шарасы өтті

Елордалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында кезекті іс-шара өтті.


«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы дәстүрлі «Ловзар» іс-шарасын ұйымдастырды. Мұндай іс – шаралар – достармен кездесу, қуанышты жаңалықтармен бөлісу және халық билерінде өз шеберліктерін көрсету мүмкіндігі.


Ловзар – кез-келген қуанышты оқиғаның сүйемелдеуі болып табылады. Туған күні, үйлену тойы, әскери қызметтен сарбаздың оралуы, баланың дүние келгенін тойлау кезінде. Көрімдік немесе қалыңдықтың күйеу жігіттің отбасымен танысуы кезінде жасалатын әдемі үрдіс.

«Ловзар» – «Ойындар» дегенді білдіреді: жігіттер арасындағы ептілік пен күш сайысы, шешендік – ұлдар мен қыздар арасында, ән айту және, әрине, теңдесі жоқ би өнері.


Вайнах биі – бұрыннан қалыптасқан мәдениет. Бастапқыда биді ерлер мен әйелдер де биледі. Би физикалық жаттығулардан тұрады, бұл джигитті батыл және күшті етуіне үлкен мүмкіндік. Ал қыз биі әсемдік пен қарапайымдылықты, көзді төмен түсіріп және көйлектің етегін жеңіл әрі қысқа қадамдармен еденге тигізбеу.

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі – елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамындағы жетекші бірлестіктердің бірі.


«Вайнах» ансамблі – ең саны көп және жасы үлкен, «халық» шығармашылық ұжым атағын екі рет жеңіп алды.

Әртүрлі жастағы ансамбль тәрбиеленушілері өз этносының дәстүрлерін ұқыпты сақтайды және өздерінің құрдастарымен және достарымен би билеу дағдыларымен бөліседі, іс жүзінде бүкіл Қазақстан мен жақын шетелдерді концерттік бағдарламалармен аралап шықты. Айта кетейік, бұл ансамбль – біздің Ассамблеядағы ең көпұлтты ансамбль.

Ловзарға түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Достармен көптен күткен кездесулер мен жағымды көңіл-күй сыйлаған мереке өтті.

Бұл «Вайнах» басшылығының Башир Уматгиреевич Солсанов пен Ханифа Муратовна Мациеваның үлкен еңбегі.

Кейін қарай