Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Шілде, 2022

361

Даму үшін бірлік туралы бір үзік ой

Солтүстік Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы, еліміздің басқа өңірлеріндегі сияқты ауыл, ауылдық/селолық округ әкімдерін және партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларына арнап «Табысты арттыру үшін Халықтың экономикалық белсенділігін көтеру саласындағы басшылардың құзыретін кеңейту» тақырыбы бойынша оқу ұйымдастырды.

Партияның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы мен СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында қалыптасқан іскерлік қатынастарды ескере отырып, СҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері білім алушылармен бірқатар кездесулер өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Э.Р. Ковзель және «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Б. К. Базарбаев бірінші болып Солтүстік Қазақстан әкімдері тобымен диалог өткізді.

Практикалық диалогта құры ұран, құрғақ уәделер болмады. Әлеуметтік салада тұрақтылық болмай экономикалық өсу болу мүмкін емес.

Ассамблея өкілдері қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша аудиториямен пікір алмасты, ауылдық/селолық округ әкімдерінің сұрақтарына жауап берді.

Ауылдық және селолық этномәдени бірлестіктердің қызметіне көрсеткен қолдауы үшін әкімдер мен «AMANAT» партиясының аудандық филиалдарының өкілдеріне алғыс білдірілді.

Барлық қатысушыларға қоғамдық келісім кеңесінің қызметі туралы буклеттер табыс етілді, буклетте құрылымдық бөлімшенің мақсаты мен міндеттері, Ассамблеяның әлеуметтік желілерінің аккаунттары және проблемалық жағдайлар туындаған кезде жедел жүгінуге болатын Байланыс телефондары көрсетілген.

Іс-шара барысында бәріміздің ортақ шаңырағымыз - Қазақстан Республикасын дамыту үшін қазақстандық қоғамының бірлігін сақтау және нығайту қажеттілігі бірнеше рет баса айтылды.

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы өткізетін оқыту шеңберіндегі кездесулер алдағы уақытта жалғасатын болады.

Базарбаев Б.К. "Қоғамдық келісім" КММ бөлімінің басшысы

Кейін қарай