Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Қыркүйек, 2022

447

Әділетті Қазақстанды құру бүгіннен басталады

Өз басым бізді топтастыратын, ел үшін, мемлекет тағдыры үшін бірлігі мен жауапкершілігін арттыратын Президеттің Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біріккен ұлт. Өркендеген қоғам» атты жаңа Жолдауынан көптеген қызықты да пайдалы дүниелерді естідім.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Әділетті Қазақстан құрылатыны туралы хабарлады.

Осылайша Қазақстан тарихындағы жаңа дәуір белгіленді. Ел Президенті 5 маусымда өткен Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша және саяси күштеріміздің жандануына байланысты қалыптасқан геосаяси және ішкі саяси ахуалдан референдум нәтижелерінен туындайтын көптеген бастамаларды ұсынды.

Жолдауда Қазақстан азаматтарының мүддесі, әл-ауқаты, құқықтарын қорғау және әрбір жағдайда тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз ету басты орынға қойылған.

Ең басты нұсқау балаларымыздың кепілдендірілген білім алуы, балалар үшін жеке шоттар ашылып, Ұлттық қордан қаражат түсетіні өте маңызды болды. Бұл аса қажетті шешім болды және Қасым-Жомарт Кемелұлының халықтың мінбеге де, алаңға да қоятын мәселелерін жүйелі түрде шешіп келе жатқанын айқындайды. Президент халықтың мұң-мұқтажын естіп, Қазақстан халқының пайдасына шешім қабылдайды.

Әкімшілік реттеуге қатысты барлық мәселе тағы да біз өз заңнамамызды Конституция нормаларына сәйкестендіруіміз керек екендігін білдіреді. Бұл-саяси процесс, ол дамитын болады. Бұл үшін, әрине, бүгін өте маңызды ұсынымдар мәлімделіп, еліміздің жаңа сайлау кезеңіне бастама берілді.

Менің көзқарасым бойынша, Президенттің кезектен тыс сайлауын жариялау – Мемлекет басшысының өте батыл әрі ерекше қадам екенін аңғартады. Дегенмен, бұл біздің Президентіміздің саяси ресурсы мен ниетінің маңыздылығын толық түсінуге мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы саяси партиялар мәселесіне, олардың мүдделері мен мүмкіндіктеріне, азаматтық қоғамды белсендіруге баса назар аударды. Келесі жылы парламенттік сайлауға қатысу жаңа саясаткерлерді, қоғамдық пікірдің жаңа көшбасшыларын анықтауға мүмкіндік береді және біз Мәжіліс пен Сенатта өзімізге ең лайықты қазақстандықтарды таңдай аламыз.

Өз басым бізді топтастыратын, ел үшін, мемлекет тағдыры үшін бірлігі мен жауапкершілігін арттыратын Президеттің Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауынан көптеген қызықты да пайдалы дүниелерді естідім.

Біздің барлық этномәдени бірлестіктеріміз барлық сайлау науқандарына және еліміздің саяси өміріне белсене қатысып, халық пен мемлекеттің мүдделерін қорғауға қолдау көрсететініне және қатысатынына күмәнім жоқ.

Баршаңызды жаңа бастамаларыңызбен шын жүректен құттықтаймын және бірлескен жұмысымызда табыс тілеймін! Рақмет.

Ахмет Сейдарахманұлы Мұрадов,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі,

«Вайнах» Қазақстан шешен-ингуш қауымдастығының тең төрағасы

Кейін қарай