Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Тамыз, 2022

270

Достық үйінің жаңа жобасы

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ "Келешегің кемел болсын - туған ел" атты жаңа жобаны іске қосты.

Жобаның негізгі идеясы – Қазақстанда тұратын барлық этностардың қатысуымен қазақ халқының салт-дәстүрлерін, қазақ ұлттық ойындары мен әндерін, ұлттық тағамдарын танымал ету.

Жобаның мақсаты – еліміздегі этнос өкілдерінің қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген қызығушылығы мен құрметін қалыптастыру, азаматтардың жан-жақты патриоттық тәрбиесіне жәрдемдесуде достық пен бірлік ахуалын дамыту.


Алғаш болып жобаны «Тыныс» АҚ еңбек ұжымы бастап берді. Еңбек ұжымында 700 адам, 14 ұлт өкілдері жұмыс істейді, олардың арасында жастардың саны басым.

Сонымен қатар осы жылдың 19 тамызында «Тыныс» АҚ кәсіпорнының құрылған күні аталып өтті.

Салтанатты мерекеге орай, зауыт аумағында мерекелік киіз үй, шатырлар орнатылып, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Іс- шараға зауытта жұмыс істейтін барлық этнос өкілдері қатысты.


Бас директор М. Керейбаев кәсіпорынның жетістіктері мен дамуына сонымен қатар жас кадрларды даярлау мен тәрбиелеуге үлкен үлес қосқан ұжымның құрметті еңбек ардагерлері туралы айтып берді.

Зауыттың еңбек сіңірген қызметкерлері өз сөздерінде өзара түсіністік пен өзара көмек бар тату, қалыптасқан ұжымда ғана еңбекте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болатындығын атап өтті.

"Қоғамдық келісім" КММ басшысының орынбасары А.М. Раисов зауыт жұмысшыларын мерекемен құттықтады, ол Ассамблеяның этностардың мәдени алуан түрлілігін көрсету арқылы қазақ халқының бай дәстүрлерін танымал етудегі рөлін атап өтті. Бас директорға "Келешегің кемел болсын - туған ел" жобасының арнайы сыйлығын табыс етті.


Кейін қарай

Ұқсас жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар