Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Сәуір, 2022

317

Екі үміткер ұсынды

Қазақстан халқы Ассамблеясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына екі кандидат ұсынылды.

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ Мәжіліс депутаттығына кандидат, ҚХА төрағасының орынбасары Закиржан Кузиев Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында З.Кузиев қатысушыларды өзінің сайлау алды бағдарламасымен таныстырып, оның құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты лауазымында іске асыруды жоспарлап отырған бірқатар шаралар кіреді. Сондай-ақ, ол осы уақытқа дейін жүзеге асырған істерімен және өзіне жүктелген жауапкершілікке дайын екендігіне сендірді.

Шараға Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Шаймардан Нурумов, Қазақстандағы грек қоғамы қауымдастығының төрағасы Георгий Иорданиди, облыстық ҚХА жаңындағы құрылымдар қатысты.

«Президент жүктеген саяси реформалардың төрт бағыты бойынша қоғамды демократияландыру бастамаларын қолдаймын. Супер президенттік жүйеден мықты парламенттік президенттік басқару жүйесіне өтудің соңғы кезеңдері жүріп жатыр. Біздің формула Күшті Президенті-беделді Парламент және тыңғылықты жұмыс істейтін Үкімет. Осы бағытта заң шығарушы органның бір мүшесі ретінде еңбек етуге дайынмын» - деп Закиржан Кузиев қорытындады.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясында дауыс беру процесі өтеді.

Кейін қарай