23 Қыркүйек, 2021
333
Екіжақты меморандумға қол қойылды
Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» арасында меморандумға қол қойылды. Сыр өңірі жастарының өзара ынтымақтастығы бірлескен тиімді жұмысын қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар арасындағы байланысты орнату ниетіндегі екіжақты әріптестік меморандумы бекітілді.
Мазмұнды шараға «Жастар ресурстық орталығының» директоры Асқар Құрмаш, «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, этномәдени бірлестіктің мүшелері, жастар орталығының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл құжаттың басты мақсаты – өңірдегі бірлік пен татулықты, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған түрлі бағыттағы шараларды бірлесе атқару. Жаңа бастамаларды қолға ала отырып, оларды бірлесіп, қарқынды түрде жүзеге асыру болып табылады.
Осы орайда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Алина Новикова «Бізге артылған жауапкершілікті абыроймен ақтай білуіміз қажет. Әріптестігіміздің арқасында ойда жүрген тың иделарды жүзеге асырамыз», - деді.
Өз кезегінде Фархат Әбдібағдатұлы екіжақты байланысты нығайтып, айқын бейнелер мен идеяларды молайтып, бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін назарға салды. Ал Асқар Құрмаш алдағы жоспарланған игілікті шаралар өз нәтижесін береді деген сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
Ассамблея «Qazaq Cybersport»-қа қазақ тілінде комментаторларды дайындауға қолдау көрсетеді
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы киберспортты қолдайды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысымен кездесуі өтті