Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Қазан, 2020

1989

Ел бірлігінің негізі – тіл бірлігінен бастау алатыны барлығымызға белгілі

Құрметті форумға қатысушылар, қадірменді мәжіліс депутаттары, құрметті зиялы қауым, құрметті Төлеген Мұхамеджанұлы, бүгінгі «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумыңыз құтты болсын, қош келдіңіздер! Жүздескеніме өте қуаныштымын!

Қазақ халқы қаншама тарихи кезеңдерде ұлт пен ұлысқа құшағын ашып, бауырына басқан ел. Көп ұлтты халқымыздың тату бірлігі мен ынтымағының арқасында бүгінде ұлтаралық қатынастың қазақстандық бірегей үлгісі қалыптасты. Әрине, ұлтаралық татулықтың моделі туралы айтқанда, мемлекетіміздің негізін қалаған тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елең еңбегің ерекше атап өтуге тиіспіз. Сондай-ақ, мемлекет басшысының осы салаға қатысты айтып жүрген сөздері экранға да берілді, Жансейіт Кансеитович те жаңа айтылды.

«Қазақ тілінің халықаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді» деген сөздерін алға басып, бүгін айтып жатырмыз, бұл сөздің нақты өмірде іске асып жатқанының бір дәлелі – бүгінгі форумға қатысушылар, өздеріңсіздер. «Тілі бірдің, тілегі бір» деген халқымыз. Ел бірлігінің негізі – тіл бірлігінен бастау алатыны барлығымызға белгілі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі еліміздегі этномәдени бірлестіктермен әрқашанда тығыз қарым-қатынаста байланыс орнатуға мүдделі. Бұл мақсатта, бағытымыз айқын, жоспарымыз белгілі. Атап айтқанда, елімізде 2014 жылдан бері этномәдени бірлестіктер жанында мемлекеттік тіл мен әр этностың өз ана тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін, осындай оқыту курстарына 81 % этнос өкілдері оқудан өтті.

Жалпы, 2011 жылдан бастап мемлекеттік тіл оқыту орталықтарында, жарты миллионнан астам ел азаматтары қазақ тілі курстарын оқып шыққан. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде, тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.

Қазақ тілінің қоғамдағы қолданыс аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар, озық бағдарламалар және басқа да жобалар шеңберінде өз жалғасын таба беретін болады.

Ең бастысы, мемлекет бұл жобалардың барлығында да, ең алдымен, өздеріңіздей, талантты да белсенді азаматтарға сенім артады.

Қазақ тілін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне жеткізу үшін тілді жетік меңгерген сіздердің көмектеріңіз аса қажет. Оған бүгінгі сіздермен мақтанады, басқалар сіздерге қарап ой қалыптастырады, бой түзейді.

Бүгінгі форум – расында да көпке үлгі болатын, талапқа ой салатын ерекше шара болады деп есептеймін. Назарларыңызға рахмет, сәттілік тілейміз!

Әзілханов Марат Алмасұлы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары


Кейін қарай