24 Мамыр, 2019
3091
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесті
– Түркия бізге тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап қолдау көрсетіп келеді. Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз бір-біріне өте жақын. Екі ел арасында визасыз режім енгіздік. Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастары жыл сайын нығайып келеді. Осы бағыттың жалғаса түсетініне сенімдімін, – деді Елбасы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесі аясында мемлекетаралық байланыстарды дамытудың қажеттігін айтты.
– Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі түркі халықтарының арасындағы байланыстарды дамыту және нығайту мақсатымен құрылған болатын. Бұл жұмыстарды жалғастырған жөн. Мен жан-жақты қолдау көрсетемін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.М.Чавушоглу Елбасыға ризашылық білдіріп, Режеп Ердоғанның жақын уақытта Түркияға келуге қатысты шақыруын жеткізді.
– Сіздің Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, «Nur Otan» партиясының жетекшісі ретінде Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмыстарды белсенді жалғастырып жатқаныңызға қуаныштымыз. Сіздің Қазақстанды өркендету және екі жақты қарым-қатынастарды дамыту ісіне өлшеусіз еңбек сіңіргеніңізді жақсы білеміз, – деді Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі.Кездесу барысында тараптар күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелерді талқылады.
Соңында Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Түркі кеңесі мемлекеттері көшбасшыларының қабылдаған шешіміне сәйкес, түркі әлемі елдерін дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілгенін мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының
Оқи отырыңыз:
БҰЛ КҮНІ - 24 МАМЫР
КЕНДІ КӘРІ АЛТАЙДЫҢ МӘҢГІЛІК ТЫНЫШТЫҚ ҚҰШАҒЫНА БӨЛЕНГЕН ӨСКЕМЕН – 300 ЖАСТА
ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘР ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖАСТАРЫ ҚАЗАҚТЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ МЕН ЖҰМБАҚТАРЫНАН САЙЫСТЫ
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақтөбеде ҚХА Хатшылығы өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесті
-
Марат Әзілханов корейлік ЭМБ өкілдерімен кездесті
-
Марат Әзілханов ұйғыр ЭМБ жастарымен кездесті
-
Марат Әзілханов «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жастарымен кездесті
-
Марат Әзілханов ҚХА жастар қанатының мүшелерімен кездесті
-
ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М.ӘЗІЛХАНОВ ЕҰУ АССАМБЛЕЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
10 Сәуір, 16:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы
10 Сәуір, 16:57
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
13 Сәуір, 13:05
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
14 Сәуір, 17:46
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
15 Сәуір, 23:06
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақтөбеде ҚХА Хатшылығы өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесті
-
Марат Әзілханов корейлік ЭМБ өкілдерімен кездесті
-
Марат Әзілханов ұйғыр ЭМБ жастарымен кездесті
-
Марат Әзілханов «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жастарымен кездесті
-
Марат Әзілханов ҚХА жастар қанатының мүшелерімен кездесті
-
ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М.ӘЗІЛХАНОВ ЕҰУ АССАМБЛЕЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ