24 Қазан, 2019
1201
Елбасы Жапония императоры Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысты
Елбасы Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің шақыруымен император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысты. Императорлық тақ мұрагерін ұлықтау рәсіміне 175-тен астам елдің өкілі келген болатын.
Сондай-ақ, Елбасы Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті. Кездесу барысында Синдзо Абэге император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты. Және келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық және сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.
Синдзо Абэ Қазақстанның антиядролық бастамаларына және жаппай қырып-жою қаруының таратылуына қарсы қабылдаған шараларына қолдау білдірді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Жапонияның Премьер-Министрі Корей түбегіндегі жағдай туралы пікір алмасты. Аймақтағы және әлемдегі басқа да қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы Такео Кавамурамен де кездесу өткізді. Кездесу барысында Жапония парламенттік достық лигасының екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қызметінің нәтижелері айтылды.
- Премьер-Министр Синдзо Абэнің Қазақстанға соңғы сапары кезінде біз стратегиялық серіктестігімізді едәуір нығайттық. Біздің экономикалық ынтымақтастықта біраз өзгеріс бар, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Жапония халықтарының өркендеуі жолында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Такео Кавамура тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президенттің басшылығымен қол жеткен Қазақстанның өсу қарқынын оң бағалады.
elbasy.kz сайтынан алынған материалдар бойынша әзірленді.Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
Марат Әзілханов «Дүнгендердің республикалық этномәдени орталығы» РҚБ Жетісу облысы филиалының есептік-сайлау конференциясына қатысты
-
Қостанай облысының Беларусь қоғамдастығының белсенділері «Алақандағы өмір» қайырымдылық жобасының дәстүрлі жаңажылдық шарасына қатысты
-
ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ ХІ НЕМІС МӘДЕНИЕТІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
-
КХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Алматыда өткен іс-шараларға қатысты
-
МИЛЛИОННАН АСТАМ БАЛА «БАЛАЛЫҚ ШАҚ ӘЛЕМІ ҚАНДАЙ ҒАЖАП» ФЛЕШМОБЫНА ҚАТЫСТЫ
Ұқсас жаңалықтар