Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Тамыз, 2020

793

«Елбасына жаңа мәртебенің берілуі өте орынды болды»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа «Ядролық сынақтардан азат әлем үшiн чемпион» мәртебесiне ие болуына байланысты Қызылорда облыстық түрiк этномәдени бiрлестiгiнiң жетекшiсi Гульчин Гейдарова құттықтау сөзін жолдайды.

- Бұл бiз үшiн қуанышты жаңалық болды. Елбасының сарабдал саясаты арқасында Қазақстанды әлемдiк аренада бейбiтшiлiк бағытын ұстанған ел ретiнде таниды. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының сессиясында тарихи қадам жасалды десек артық болмас.

29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы iс-қимыл күнi ретiнде белгiлеуге де Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы шешiмi негiз болды.

Барша адамзат үшiн азала хабардың артында тұрған ядролық қарудан бас тарту бүкiл әлемге үлгi болды. Чемпиондық атақты тек осы сынды батыл қадамдарға барған тұлғаларға ғана бередi. Сол себептi де, Елбасына жаңа мәртебенiң берiлуi орынды деп санаймыз.

Ел iшiндегi татулық пен бiрлiктi сақтау үшiн әлемде теңдесi жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының iргетасын қалап, қоғамдық келiсiмнiң қазақстандық моделiн жасақтады. Тату елдiң болашаға ешқашан бұлыңғыр болмайды. Осыны түсiнген Нұрсұлтан Әбiшұлы бар халықтың басын қосып, ел татулығын ту еттi.

Семей полигонынның зардабын елге айтпаса да түсiнiктi. Қаншама бауырларымыз осы зұлматтың кесiрiн әлi де тартып келедi. Тәуелсiздiк таңы атқан сәттен осы мәселеге ден қойып, полигонның жабылуына күш салды.

Қазiрде Абайдай алыпты туған өлке өркендеп келедi. Дер кезiнде жасалған саяси қадамдар өз жемiсiн берiп келедi. Ядролық қаруды саяси ойындардың құралы ретiнде қолданудың үлкен қате екендiгiн және бұндай қақтығыстан жеңiмпаз болмайтынын түсiне отырып, Н. Назарбаев осы мәртебеге ие болды.

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Елбасын жаңа мәртебесiмен құттықтай отырып, алдағы жаңа бастамаларда әрдайым қолдау бiлдiретiндiгiмiздi жеткiземiз.

Алдағы уақытта Н. Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем идеясы адамзаттың ортақ мiндетi болады деген сенiмдемiз. Қазақстанның жарқын бастамалары әлемдi жаңа биiктерге бастап, гуманизм құныдылықтарының шарықтауына әкеледi деп ойлаймыз.

«Ядролық сынақтардан азат әлем үшiн чемпион» мәртебесi бүкiл елдiң Елбасын бiрауыздан қолдауының жемiсi. Әлi де жұдырықтай жұмылып, бiрлiк байқатсақ алар асуларымыз көп болады.

Кейін қарай